Материалы за Март 2021 года » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Март 2021 года
Ата-аналардың және  мүдделі ұйымдар өкілдерінің назарына!
29
март
2021
Ата-аналардың және мүдделі ұйымдар өкілдерінің назарына!
Ата-аналардың және мүдделі ұйымдар өкілдерінің назарына! Алматы қаласының Білім басқармасы білім саласына қатысты барлық сұрақтар бойынша келесі телефондар арқылы аудандық білім бөлімдерінің басшыларымен тікелей байланысуға болатынын хабарлайды.  Вниманию родителей и представителей заинтересованных организаций! Управление образования города Алматы сообщает, что по всем интересующим вопросам, касающимся сферы образования, можно обращаться непосредственно к руководителям районных отделов
Ұстаз жетістігі
25
март
2021
Ұстаз жетістігі
"Ustaz tilegi" ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Республикалық Математика пәнінен ұстаздар арасында өткен олимпиадада мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі, жас маман Кадирбеков Батыр Берикович жүлделі І орынды иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтай келе, бұданда биік белестерді бағындырсын демекпіз.
Оқушы жетістігі
24
март
2021
Оқушы жетістігі
Ұлыстың ұлы күні —Наурыз  мейрамына орай Ықылас атындағы халық аспаптар музейінде ұйымдастырылған "Топжарған" зияткерлік сайысында мектебіміздің 9 "А"  сынып оқушысы Реметова Шынар "Бас жүлдені" және Реметова Шырын жүлделі І орынды иеленді. Жеңістерімен шын жүректен құттықтай келе, сайысқа дайындаған жетекшісі, мектебіміздің "педагог-модератор" біліктілік санатындағы тарих пәнінің мұғалімі Төлегенов Абылай Көпбергенұлына алғысымызды білдіреміз.
Ұстаз бен оқушы жетістігі
23
март
2021
Ұстаз бен оқушы жетістігі
"ІНЖУ-МАРЖАН" атты Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы ұлттық дәстүрлі өнер байқауында "Көркем сөз" номинациясы бойынша І орын жүлдегері, мектебіміздің 7 "А" сынып оқушысы Закирова Дананы шын жүректен құттықтаймыз. Байқауға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Муханова Акрысгул Сейлхановнаға алғысымызды білдіреміз.
Оқушы жетістігі
18
март
2021
Оқушы жетістігі
Алматы қаласы Білім басқармасы Оқушылар сарайының @dvorec_almaty  ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық "Ақ мамам" атты ән байқауында мектебіміздің 5 "А" сынып оқушысы Бостан Нұрболат жүлделі І орынды иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, бұданда биік белестерді бағындырсын демекпіз.
Ұстаз бен оқушы жетістігі
17
март
2021
Ұстаз бен оқушы жетістігі
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының @almatydaryny ұйымдастыруымен өткен "Жалғасы бар, Жырымның жалғасы бар" атты Мұқағали Мақатаев оқуларының І орын жеңімпазы мектебіміздің 7 "А" сынып оқушысы Закирова Дананы шын жүректен құттықтаймыз. Байқауға дайындаған ұстазы, мектебіміздің жоғары санатты қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Муханова Акрысгул Сейлхановнаға алғысымызды білдіреміз.
Кітап оқу—рухани кемелденудің көзі
16
март
2021
Кітап оқу—рухани кемелденудің көзі
"Кітап оқу—рухани кемелденудің көзі. Қазіргі уақыт—секунд сайын жаңарған ақпарат заманы".  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.  Мемлекет басшысы "Қандай кітап оқып жатырсыз?" челлендж-эстефетасын бастап, оны барша Отандастарға, әсіресе жастарға жолдайтынын жеткізген болатын. Осы орайда мектебімізде мектеп кітапханашысы Нуркешова Фарида Махмутовнаның ұйымдастыруымен кітап көрмесі болып өтті. Онда Президент ұсынған кітаптар қойылды.
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
12
март
2021
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
Мектебіміздің кәсіподақ комитетінің төрайымы Балмухамбетова Гулмира Кабулбековнаны "Ұстаз" Алматы қалалық жергілікті кәсіптік одағының ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Аталған марапатты "Ұстаз" жергілікті кәсіптік одағының Алматы қаласы бойынша төрағасы Байгуттинов Серікжан Кадыралыұлы салтанатты түрде табыстады.
Ұлттың ұлағатты ұясы
06
март
2021
Ұлттың ұлағатты ұясы
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 70 жылдығына орай "Ұлттың ұлағатты ұясы" атты энциклопедия жарыққа шықты. Энциклопедияда аталған университеттің 1990 жылғы түлегі, мектебіміздің директоры Сариева Гүлзира Молдабайқызының өмірбаяны  мен білім саласындағы жеткен жетістіктері шықты. Энциклопедияны ҚазҰлтҚызПУ Тарих және құқық негіздері факультетінің профессоры Ақмарал Дабыртаевна табыстады.  
СЫҢҒЫРЛА ҚОҢЫРАУ
04
март
2021
СЫҢҒЫРЛА ҚОҢЫРАУ
Бүгін онлайн оқудан штаттық режимге көшіп, алғаш мектеп табалдырығын аттаған 1 сынып оқушыларынын 11 сынып оқушылары құрметпен қарсы алды.
📢ХАБАРЛАНДЫРУ!
03
март
2021
📢ХАБАРЛАНДЫРУ!
📢ХАБАРЛАНДЫРУ! Баласын 1 сыныпқа беретін ата-аналардың назарына! ҚР Білім және ғылым министрлігінің 24 маусым 2020 жылғы №264 бұйрығындағы өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес Бастауыш, негізі орта, жалпы орта білім беру бағдарламасын жүзеге асырушы білім беру мекемелеріне қабылдаудың Үлгілік ережелеріне сәйкес бірінші сыныпқа қабылданушы балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінен өтініш қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамыз аралығында жүзеге асатынын естеріңізге саламыз.  Толығырақ
Алғыс айту күні
01
март
2021
Алғыс айту күні
Шұғылалы көктемнің алғашқы күні—Алғыс айту күніне орай мектебіміздің 9 "А" сынып оқушылары (сынып жетекшісі Балмухамбетова Гулмира Кабулбековна) мектептегі ұстаздар қауымына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, өз алғыстарын білдірді. #1наурызалғысайтукүні #72мектеп @edu.almaty @akimat_auezov @auezovpoo_ @72_mektep  
ҰСТАЗ БЕН ОҚУШЫ ЖЕТІСТІГІ
01
март
2021
ҰСТАЗ БЕН ОҚУШЫ ЖЕТІСТІГІ
"Білім шыңы" қоғамдық ұйымы мен Президенттік "Жасұлан" Жастар ұйымының ұйымдастыруымен өткен " ALTYN URAQ" зияткерлік олимпиадасына қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленген мектебіміздің 5 "А" сынып оқушылары Нұржау Ақмерей мен Нұрымжанқызы Әминаны шын жүректен құттықтаймыз. Зияткерлік олимпиадаға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Әлдібек Толқын Жұмашқызына алғысымызды білдіреміз.
Директорлық сенбі—ата-ана үні
01
март
2021
Директорлық сенбі—ата-ана үні
27 ақпан күні zoom платформасында қашықтан "Директорлық сенбі—ата-ана үні" атты ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа 5-7 сынып ата-аналары қатысып, көкейде жүрген сауалдарына жауаптарын алды. Жиналыста мектеп психологы Жолдасова Жадыра Муратовна психологиялық тұрғыдан кеңес берді. Жиналысты мектеп директоры Сариева Гүлзира Молдаб айқызы қорытындылап, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.