Материалы за Июнь 2021 года » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Июнь 2021 года
Хабарландыру!  Баласын 1 сыныпқа беретін ата-аналардың назарына!
29
июнь
2021
Хабарландыру! Баласын 1 сыныпқа беретін ата-аналардың назарына!
📢Хабарландыру!  Баласын 1 сыныпқа беретін ата-аналардың назарына!  ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімінің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау ағымдағы жылғы 1 тамызда аяқталатынын естеріңізге саламыз.  Толығырақ мәліметтерді +7 (727) 302 32 35 (қабылдау бөлімі) нөмірінен біле аласыздар!
Оқушы жетістігі
08
июнь
2021
Оқушы жетістігі
"Bılım örkenieti" ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Тәуелсіз мемлекеттер достастығының 30 жылдық мерейтойына орай өткізілген "ТМД-ның үздік дарынды оқушысы-2021" атты халықаралық байқауына қатысып жеңімпаз атанып, І дәрежелі дипломмен мектебіміздің 5 "А" сынып оқушысы Бекжан Айым марапатталды. Сонымен қатар аталған орталықтың арнайы төсбелгісімен және "ТМД-ның үздік дарынды оқушысы-2021" кітап жинағына мақаласы шықты. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Математика пәні бойынша өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктері
02
июнь
2021
Математика пәні бойынша өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың
"Педагогика жанашыры" республикалық педагогикалық, ғылыми журналына мектебіміздің "педагог-модератор" біліктілік санатындағы математика пәнінің мұғалімі Қарабаева Дина Бақтыбайқызының "Математика пәні бойынша өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктері" тақырыбындағы мақаласы жарыққа шықты. Аталған мақала жалпы білім беретін мектептерде математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру форматы туралы айтылған.