Конкурстық құжаттама » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Конкурстық құжаттама
03
июнь
2014

Конкурстық құжаттама

 

«Бекітемін»

Алматы қаласы Білім басқармасы

«№ 72 жалпы білім беретін мектеп» КММ

Директор_________Дүйсебаева А.М.

2014 жылғы «02» маусым

Бұйрық №97

 

Конкурстық құжаттама

 

Алматы қаласы Білім басқармасының «№72 жалпы білім беретін мектеп » КММ оқушылырыңың тамақтануын ұйымдастыру бойынша өнім жеткізушісін таңдау бойынша конкурс

 

Конкурсты ұйымдастырушы:Алматы қаласы Білім басқармасының « №72 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Әуезов ауданы,Сүлейменов көшесі 16.

Нақты мекенжайы: Алматы қаласы, Әуезов ауданы,Сүлейменов көшесі 16.

Почталық мекенжайы: 050000, Қазақстан, Алматы қаласы, Әуезов ауданы

Банктік деректемелер: ЖСК KZ32070102KSN6001000 ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті БСК KKMFKZ2A Кбе 12

Еmail: 72mektep@mail.ru

Байланыс телефондары : 302-32-35, 302-31-56

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Орта білім беру ұйымында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) алушылардың жалпы саны 494 білім алушыны құрайды, оның ішінде жекелеген санаттағы білім алушылар 206

Білім алушыларды тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға бюджет қаражаты есебінен бөлінетін сома 3916000,00_теңгені құрайды ҚҚС сыз .

Бір білім алушыны тамақтандыру құны конкурсты ұйымдастырушы белгілеген құннан аспайды.

2. Осы конкурстық құжаттама мыналарды:

1) осыҮлгілік конкурстыққұжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтерді алушылар санаттарының тізбесін;

2) осыҮлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес техникалық тапсырманы;

3) осыҮлгілік конкурстыққұжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді;

4) осыҮлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

5) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес неғұрлым сапалы қызмет көрсетуді ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін критерийлер тізбесін қамтиды.

3. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін бюджет қаражаты есебінен бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді:

1) конкурсты ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) мынадай банк шотында

Банктік деректемелер: ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті Ақшаны уақытша орналастыру қолма-қол ақшасының бақылау шоты ЖСК KZ980705023603937001, БСК KKMFKZ2A, Кбе 12 орналастырылғын ақшаның кепілдік берілген ақша жарнасы;

2) осыҮлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік нысанында енгізеді.

 

2. Әлеуетті өнім берушілерді конкурс туралы хабардар ету

 

4. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде, бірақ әлеуетті өнiм берушiлер конкурсқа қатысуға өтiнiмдер беретін соңғы күнге дейін кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн қалғанда Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша интернет-ресурста конкурс туралы хабарландыруды орналастыру арқылы әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.

5. Конкурстық құжаттаманың көшірмелері интернет-ресурста орналастырылады және ол әлеуетті өнім берушілерге қағаз түрінде беріледі.

6. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурс қатысушыларына конкурстық құжаттаманың қағаз түріндегі көшірмелерін қол қойғызып береді және деректерді конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізеді.

7. Тұлғаларды тіркеу журналында конкурс атауы мен өткізу мерзімі, әлеуетті өнім берушінің не заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігінің нөмірі, орналасқан жері мен байланыс телефондары, конкурстық құжаттама көшірмесін алу уақыты мен күні көрсетіледі.

8. Тұлғаларды тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді, соңғы парағы конкурсты ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.

 

 

 

3. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді ресімдеу

 

9. Конкурсқа қатысуға өтінім:

1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өнім берушінің қолы қойылып, мөрімен куәландырылған өтінімді;

2) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес әлеуетті өнім беруші құжаттарының тізбесін қамтиды:

заңды тұлғалар үшін құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғы көшірмесі), жеке тұлғалар үшін – азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, жеке куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариат куәландырған құжаттар;

осыҮлгілік конкурстыққұжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылып, банк мөрі бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан көп созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер бар конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей алынуы тиіс;

конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей алынған үш айдан астам салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және жинақтаушы зейнетақы қорларына әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық органы басшысының не орынбасарының қолы қойылып, мөрімен бекітілген не e-gov электрондық үкіметі порталы арқылы алынған салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;

бар болса ҚҚС (қосылған құн салығы) бойынша есепте тұрғаны туралы куәліктің көшірмесі;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтердiң сапалық және сандық сипаттамалары айқындалған техникалық тапсырма. Техникалық тапсырмада міндетті тәртіппен оқушыларды сапалы, теңгерімделген және қауіпсіз тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалық мәзір көрсетіледі;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға нысан бойынша қызметкерлердің біліктілігі туралы мәліметтер.

 

4. Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

 

10. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурсқа қатысушылар конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе почта байланысын пайдалана отырып: 050000 , Қазақстан ,Алматы қаласы Әуезов ауданы Сулейменов көшесі, 16

Алматы қаласы Білім басқармасының «№72 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, директордың кабылдау бөлмесі, конкурстық құжаттаманы қабылдауға және тіркеуге жауапты Абзиева Айжан Оралбекқызы

Сұранымдар жұмыс күндері сағат 09-00 – ден 17-00 дейін 2014 жылғы 24 маусым айын қоса ала отырып , сағат 11-00 дейін қабылданады.

Байланыс телефондары : 302-32-35, 302-31-56

11. Конкурстық комиссияның хатшысы өтінімдері бар конверттерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерді енгізеді.

12. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында өткізу мерзімі туралы, конкурсты ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші жөнінде мәліметтер, атауы мен почта мекенжайы, ЖСН, жеке куәлігі, өтінімді тіркеу күні мен уақыты көрсетіледі.

Көрсетілген журналға өтінімдерді тіркеуден бас тарту себебін көрсете отырып, әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтер енгізіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы конкурстық құжаттама көшірмелерін алған адамдарды тіркеу журналына ұқсас ресімделеді.

13. Конкурсты ұйымдастырушы бекіткен мерзім өткеннен кейін ұсынылған өтінімдер тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.

 

5. Конкурс өтінімдері бар конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

 

14. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашуды конкурстық құжаттамада конкурсты ұйымдастырушы 24 маусым күні 2014 жылы сағат 11.00 , №2кабинетте конкурстық комиссия мүшелерінің қатысуымен өткізеді.

15. Конкурстық комиссияның төрағасы қатысушыларға конкурстық комиссияның құрамы, белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің саны туралы хабарлайды.

16. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген мәліметтерді жариялайды және әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерін ашады.

17. Конкурсты ұйымдастырушының хабарландыруында белгіленген мерзімде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер ашылуға жатады.

18. Конверттерді ашу хаттамасы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ресімделеді, оған конкурстық комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды және әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырылады.

 

6. Конкурстық өтінімдерді қарау

 

19. Комиссия өтінімдер бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде конкурсқа қатысуға рұқсат беру үшін өтінімді толықтығы және конкурстық құжаттамаға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

20. Конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынған, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберілмейді.

21. Конкурстық комиссия конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар ретінде таниды.

22. Отырыс конкурсқа рұқсат беру туралы хаттамамен ресімделеді, оның әрбір парағына және соңына конкурстық комиссияның барлық мүшелері қолын қояды.

23. Комиссия Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес өзінің шешімін конкурсқа рұқсат беру хаттамасымен ресімдейді.

Қол қойылған конкурсқа рұқсат беру хаттамасы комиссия отырысы өткен күннен бастап күнтізбелік екі күннен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырылады.

24. Конкурсты ұйымдастырушы неғұрлым сапалы көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін өнім берушіні таңдау критерийлерін көздейді.

25. Комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы жарияланған сәттен бастап күнтізбелік екі күн ішінде осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сай өлшемдерге сәйкес жеңімпазды айқындау үшін рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін бағалайды және салыстырып тексереді.

26. Конкурстық комиссияның өтінімді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге байланысты әрекетіне жол берілмейді.

Өтінімді сәйкестендіру деп конкурстық комиссияның өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, құжаттарды алмастыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды дұрыстауға бағытталған әрекеті түсініледі.

27. Егер неғұрлым үздік сипаттамалары бар көрсетілетін қызмет ұсынылған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің техникалық тапсырмасының конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық тапсырмаға сәйкес болмауына жол беріледі.

28. Барынша көп балл жинаған және басқа әлеуетті жеткізушілермен салыстырғанда міндеттемелерді ең үздік орындау шарттарын ұсынған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.

Егер конкурста конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінімді ұсынған және Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының талаптарына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, ол конкурс жеңімпазы болып танылады.

29. Конкурстық комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда төраға орынбасары конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған тұлғаларға конкурс нәтижелері мен жеңімпазын жариялайды.

30. Конкурс қорытындылары туралы хаттама Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес ресімделеді, оған комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды.

31. Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушы конкурс қорытындылары туралы хаттаманы интернет-ресурста орналастырады.

32. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ол конкурс жеңімпазы ретінде айқындалған жағдайда шарт жасасудың және шартты орындаудың қамтамасыз етуін енгізудің кепілі ретінде енгізеді.

33. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурсқа бөлінген соманың бір пайызы көлемінде енгізеді.

34. Әлеуетті өнім беруші осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді, ол конкурсты ұйымдастырушының банк шотына енгізеді.

35. Өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі – конкурс өтінімінің қолданылу мерзімінен кем емес.

36. Қамтамасыз етуі жоқ конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссия кері қайтарады.

37. Әлеуетті өнім берушінің тұтастай алғанда, үшінші тұлғаларда не конкурсқа қатысуға өтінім мерзімінің аяқталуына дейін енгізілген кепілдік берілген ақша жарнасы бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкелетін іс-қимылдарына жол берілмейді.

38. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:

1) жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған;

2) конкурстың жеңімпазы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамаған жағдайларда қайтармайды.

39. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде қайтарып береді:

1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;

2) конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы болып айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

3) шарттың күшіне енуі және конкурс жеңімпазының шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі.

 

 

 

Алматы қаласы Білім басқармасының «№72 жалпы білім беретін мектеп » КММ білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі

үлгілік конкурстық құжаттамаға

1-қосымша

 

 

Көрсетілетін қызметті алушылар санатының

тізбесі

 

 

Оқушыларының тамақтануын ұйымдастыру бойынша қызметтің өнім жеткізушісін бойынша конкурс

 

Конкурсты ұйымдастырушының атауы

Білім беру ұйымын

дағы көрсетілетін қызметті алушылар

дың жалпы саны

Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен тегін тамақтандыру

мен қамтамасыз етілетін білім алушылар

Қызметті көрсету мерзімдері

Қызметті көрсету орны

Білім алушыларды тегін тамақтанды

руды қамтамасыз етуге

бюджет қаражаты есебінен бөлінген сома

1

2

3

4

5

6

7

 

Алматы қаласы Білім басқармасының «№72 жавлпы білім беретін мектеп » КММ

494

206

Кыркүйек –желтоқсан 2014 жыл

Алматы қаласы Сүлейменов көшесі , 16

3 916000-00

ҚҚС сіз

 

 

Күні 03.06.2014 ж

 

 

 

«№72 ЖББМ»КММ директоры _______________ Дүйсебаева А.М.

 

 

 

Алматы қаласы Білім басқармасының«№72 жалпы білім беретін мектеп » КММ білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін

қызметтерді берушілерді таңдау

жөніндегі үлгілік конкурстық

құжаттамаға 2-қосымша

 

 

Алматы қаласы Білім басқармасының «№72 жалпы білім беретін мектеп » КММ білім алушыларды тамақтандыруды

ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау

бойынша конкурстық құжаттамаға

техникалық тапсырма

 

Күн сайын ас мәзірін жұғымдылық теңгерімділік, қауіпсіздік талаптарына сәйкес, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, міндетті түрде бірінші-үшінші тағамдарды дәрумендендірумен конкурсты ұйымдастырушы әзірлейді және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.

Конкурсқа қатысу кезінде әлеуетті өнім беруші қызметтерді көрсету кезінде төмендегі талаптарды сақтауға және оларды құжаттама түрінде (құжаттар конкурстық өтінімнің ішінде болуы қажет)қамтамасыз етуі қажет:

- тұтынушылардың денсаулығы үшін сапа мен қауіпсіздікке кепіл болатын тағамдармен тамақтарды әзірлеу және жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау үшін қажетті жағдайларды жасау;

- жұмысқа кәсіби, гигиеналық дайындықтан және атестациядан өткен, денсаулығына байланысты рұқсат алған тұлғаларды қабылдау;

- әрбір қызметкерге жеке медициналық кітапшаларының болуын;

- барлық қызметшілердің жұмысқа кірісу кезінде және мерзімдік медициналық байқаудан уақытылы өтуін (медициналық мекемемен келісім шарты);

- күн сайын қажетті құжаттаманы жүргізу (бракераж журналы, қызметшілердің жедел респираторлық және іріңді жара ауруларын тексеру журналы, баска да журналдарды);

- қызметшілердің жұмыс орнын Қазақстан Республикасы қолданыстағы Заңнамасына, санитарлық ережелеріне, гигиеналық нормативтеріне сәйкес қамтамасыз ету;

- қызметшілердің жұмыс киімінің үздіксіз орталықтандырылған жуылатын, жөнделетін орнын және арнайы киіммен үш жиынтықтанкем емесқамтамасыз ету;

- жыл сайын жұмыс басталар алдындағы технологиялық, тоңазытқыштық, ауа тазартатын және басқа да құрылғылардың тексерісін жасау;

- өндірістік құралдардың жеткілікті мөлшерде, ыдыстың, жуатын және залалсыздандыратын құралдармен (ҚР қолдануға рұқсат етілген) және басқа да материалдық – техникалық жарақтандырудың түрлерімен қамтамасыз ету;

- жүргізілгенжұмыстар туралы актінің болуымен қоса жұмыс орнын дезинфекциялау, дезинсекция және дератизациялау жүргізу;

- алғашқы медициналық көмек көрсету үшін арнайы дәріқобдишасы және уақытында толықтырып отыру;

- қызметшілерімен семинар, әңгімелесу, лекция түрінде санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізіп отыру;

- өрт сөндіру құралдарының болуы. Әлеуетті өнім беруші білім алушыларды тамақтандыру жөніндегі байқауға бірінші рет қатысқан жағдайда кепілдеме – хат беруіне құқығы бар;

- азық блогына келіп түсетін азық-түліктер өнімнің санитарлық - гигиеналық талаптарына сәйкестігі жөнінде, яғни өнімнің шығуы, сапасы және қауіпсіздігі, өнімнің сақталу мерзімі, өндірілген уақыты жөніндегі жолдама құжаттары болуы қажет. Жолдама құжаттар өнімнің пайдаланылып бітпейінше сақталуы қажет;

- қызмет көрсету кезінде пайдаланатын негізі тамақ өнімдерінің сапалық сертификаттары болуы қажет;

- дайын тамақты жіберу тек алдын-ала дәмін, сапасын, қауіпсіздігісынама алынғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Тамақтың сапасын бағалауды, тамақтың құрамындағы органолептикалық көрсеткіштердің барын 3 адамнан кем емес бракераж комиссиясы жүргізеді: медициналық қызметкер, азық блогының жауапты адамы және мектеп әкімшілігінің өкілі (тексеру тікелей тамақ дайындалған ыдыстардан алып тексеріледі).Ұсынылған үлгіге сәйкес (санитарлық ереженің 12 қосымшасы)бракераж қорытындысы «Дайын аспаздық өнімдердің бракераж журналына» тіркеледі. Гигиеналық талаптарға сәйкес тамақтың ас мәзірініңәрбір порциясы шығу салмағына сәйкес болуы қажет. Тамақты дайындаудың технологиясы бұзылған кезде, сондай-ақ дайын болмай қалған жағдайларда, анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін, тамақ жіберуге босатылмайды.

- Күн сайын жұмыс басталудың алдында медициналық қызметкер білім беру мекемесінің қоғамдық тамақтануды ұйымдастыратын қызметкерлердің қол терісінде және дененің ашық жерлерінде ірің ауруларының сондай-ақ ангина, жоғарғы тыныс алу мүшелерінің катаралды көріністерінің болмауына тексереді;

- тез бұзылатын, арнайы сақтауды қажет ететін азық-түлік өнімдерінің бұзылмауын бақылау мақсатында термометрлерді (сынап түрінен басқа) қолдану арқылы тоңазытқыш құралдарындағы температуралық режимнің сақталуын бақылау. Ұсынылған үлгіге сәйкес (санитарлық ереженің 11 қосымшасы) температуралық режимді бақылайтын арнайы құрал болмаған жағдайда ақпарат «Тоңазытқыштың температуралық режимін тіркеу журналына» енгізіледі;

- тамақтың технологиялық дайындау үдерісінің сақталуын бақылау мақсатында дайындалған тағамдардың әрбір ауысымынан тәуліктік сынама алынады. Тәуліктік сынама алуды осы санитарлық ережелердің 8тармағындағы сынамаларды алу бойынша ұсыныстарға сәйкес азық блогының қызметкері (азпазшы) жүзеге асырады. Тәуліктік сынамалардың дұрыс алынуына және сақталу жағдайларының дұрыстығын бақылау медициналық қызметкер жүзеге асырады.Тәуліктік сынама тамақ пайдаланылғаннан кейін бір тәулікке дейін сақталуы тиіс.

- өндірістік ортаның заттары болып табылатын жабдық, мүлік, үлкен көлемдегі және басқа да ыдыстар, қолданылатын инвентарлар, бекітілген қоғамдық ұйымдардағы тамақтанудың санитарлық - эпидемиологиялық талаптарына сәйкес арнайы рұқсат етілген материалдардан жасалуы қажет;

- өндірістік үй-жйларда орнатылған барлық технологиялық және тоңазытқыштық жабдықтарының барлығы тиісті жұмыс жағдайында болуы тиіс және жыл сайын оларды тексерістен өткізіп отыру қажет;

- қандай да бір технологиялық жабдықтар істен шыққан кезде ас мәзіріне өзгерістер енгізіп және дайын тағамдарды өндіру кезінде осы санитарлық ережелердің талаптарының сақталуын қамтамасыз ету қажет;

- осы санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес жуу және залалсыздандыру ережелерін сақтау мақсатында бір отыратын орынға 3 жиынтықтан кем емес жеткілікті мөлшердегі ыдыстармен және құралдармен,сондай-ақ тарату желісінің маңында оны сақтау үшін шкафтармен қамтамасыз ету туралы міндеттеме-хаты;

- азық өнімдерімен байланысты болатын материалдар үшін қауіпсіздік талаптарына жауап беретін тамақтануды ұйымдастыру кезінде фарфор, фаянс жәнне шыны ыдыстар (тарелкалар, табақшалар, шыныаяқтар, бокалдар) қолданылады. Асхана ыдыстары (қасықтар, шанышқылар, пышақтар), дайын тағамдарды дайындау және сақтауға арналған ыдыс тот баспайтын болаттан және немесе гигиеналық қасиеттері бойынша ұқсас материалдар жасалуы тиіс;

- формасын өзгерткен, шеттері сынған, сызат түскен, эмалі бұзылған асхана және асүйлік ыдысты, алюминийден жасалған асхана құралдарын; пластмассадан және баспақталған фанерадан жасалєан тақтайларды; сызат түскен және механикалық зақымданған тақтайшалар мен ұсақ ағаш құралдарын пайдалануға тыйым салынады;

- оқушылардың тамақтану кестесін жасау;

- кассалық аппараттардың болуы;

- азық өнімдерін және азық-түлік шикізатын жеткізу тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы беретін қорытындысы бар мамандандырылған көліктерде жүргізілуі тиіс. Жүргізуші мен экспедитордың жеке медициналық кітапшалары болуы міндетті;

- оқушылардың тамақтануында тыйым салынған тағамдарды, сондай-ақ газдалған және алкогольсіз энергетикалық сусындарды, чипсыларды, сухарилерді және құрамында генномодификацияланған ингридиенттер бар тамақ өнімдерін, сондай-ақ шайнайтын сағыздарды тасымалдауды болдырмау туралы міндеттеме;

- мектептердің тамақтандыру блогында жыл сайын және қажеттілікке байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы міндеттеме.

 

 

 

 

Күні 03.06.2014 ж

 

 

 

 

«№72 ЖББМ » КММ директоры ___________ Дүйсебаева А.М.

 

 Конкурстық құжаттама
Конкурстық құжаттама
Конкурстық құжаттама
Конкурстық құжаттама
Конкурстық құжаттама
Конкурстық құжаттама
Конкурстық құжаттама
Конкурстық құжаттама
Конкурстық құжаттама
Конкурстық құжаттама
Конкурстық құжаттама
Конкурстық құжаттама