Балалардың білім алудағы мотивациясын қалыптастыруда ата-ананың рөлі қандай? » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балалардың білім алудағы мотивациясын қалыптастыруда ата-ананың рөлі қандай?
29
апрель
2020

Балалардың білім алудағы мотивациясын қалыптастыруда ата-ананың рөлі қандай?

29 сәуір күні №72 жалпы білім беретін мектепте "Балалардың білім алудағы мотивациясын қалыптастыруда ата-ананың рөлі қандай? " атты ZOOM платформасы арқылы мектепішілік онлайн ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа мектеп директоры Сариева Гулзира Молдабайқызы, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Едилова Алтынай Тулеевна, мектеп психологы Мадиева Жанайым Абылкасымовна, ата-аналар Қамқоршылық кеңесінің төрайымы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің профессоры Әзімхан Гүлдерхан Ердіханқызы және жалпы сыныптардың ата-аналары қатысты. Онлайн ата-аналар жиналысын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтынай Тулеевна жүргізіп отырды. Мектеп психологы Жанайым Абылкасымовна бала тәрбиесіндегі психологиялық жағдайларға байланысты баяндама оқып, ата-аналарға кеңес берді. Қамқоршылық кеңес төрайымы Гүлдерхан Ердіханқызы бала тәрбиесіне тек мектеп қана емес, ата-атаның жауапкершілігі зор екендігін тілге тиек етті. Онлайн жиналыс соңында ата-аналар көкейдегі сұрақтарына жауап алып, кері байланыс берді.