ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!!!! » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
январь
2022

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!!!!

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!!!! 
     Құрметті Алматы қаласы Әуезов ауданы №72 жалпы білім беретін мектеп ата-аналары!!!!! 
      Қалыптасқан жағдайларға байланысты және Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің  13.01.2022 жылғы №1 Қаулысы  негізінде  Алматы қаласының  мектептері қашықтан оқытуға көшеді. 
     Халық арасында коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуының алдын алу мақсатында Алматы «қызыл» қауіпті аймаққа өтті. 
     Қашықтық  форматындағы  сабақтар ата-аналардың қолдауы мен бақылауын талап етеді. Сондықтан баланың әдеттегі күнделікті режимін сақтау маңызды және қызығушылық таныту қажет. 
     Сіздерге күрделі мәселелеріңізді шешуге және қолдау көрсетуге  мектеп әкімшілігі  әрдайым  дайын. 
     Оқу үдерісіндегі үшінші тоқсанның басталуы бойынша  кез келген сұрақтарыңызды № 72 жалпы білім беретін мектебінің  Call-орталығына хабарласуға болады.            
     Мектеп директоры Сариева Гулзира Молдабайқызы мен мектеп әкімшілігі  сіздермен   диалогқа әрқашан ашық.