Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан, Сингапур және Ұлыбритания Тәрбие жөніндегі халықаралық ұйым құруға кіріседі — Ғани Бейсембаев
10
сентябрь
2025

Қазақстан, Сингапур және Ұлыбритания Тәрбие жөніндегі халықаралық ұйым құруға кіріседі — Ғани Бейсембаев

⏺Астанада Азия, Еуропа және Қазақстанның профессорлары мен сарапшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Талқылаудың басты тақырыбы – үйлесімді, жауапты және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға бағытталған президенттік «Адал Азамат: біртұтас тәрбие» бағдарламасы болды.

🔴 ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, екі жыл ішінде бағдарламаны жүзеге асыру аясында алты негізгі бағыт пен 77 қадамнан тұратын біртұтас тәрбие экожүйесі құрылды. Тәрбие жұмысына сынып жетекшілері, ата-аналар мен психологиялық қызметтер белсенді қатысуда.

🏢 2023 жылдан бастап мектептер жанынан Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары, ал өңірлерде Психологиялық көмек орталықтары жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде ата-аналардың оқу-тәрбие процесіне қатысу деңгейі үш есеге артқан. Қазір ата-аналар комитеттерін трансформациялау жұмысы жүріп жатыр, ал қараша айында «мектеп – ата-ана – қоғам» ынтымақтастығын нығайтудың жаңа алаңына айналатын алғашқы Республикалық форум өтеді.

«Бүгінгі қазақстандық мектептің міндеті – тек білімді шәкірт тәрбиелеу ғана емес. Ол – рухани биік, моральдық қасиеттері орныққан, қоғам игілігіне адал қызмет етуге дайын жауапты тұлғаны – Адал Азаматты қалыптастыру. Балалар жастайынан еңбекті қадірлеуді, адалдықты, әділеттілікті әрі жауапкершілікті бойына сіңіріп өседі. Бұл қасиеттер – еліміздің жарқын болашағының берік іргетасы», — деді министр.

📚 Оның сөзінше, бағдарламаның құндылықтары оқу процесіне кіріктірілген және пәндердің мазмұнында, сынып сағаттарында, сыныптан тыс іс-шараларда көрініс тапқан. Сондай-ақ мектептерде «Адал Азамат» қағидаттарына негізделген бірыңғай дизайн-код кезең-кезеңімен енгізілуде.