25 мамыр » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
май
2019

25 мамыр

25 мамыр-Республикамыздың барлық білім ордаларында соңғы қоңырау үні естіліп, мерекелік көңіл күй  болатыны  баршамызға аян. Осындай мерекелік кештің  бірі Әуезов ауданы, №72  жалпы білі беретін мектепте аталып өтті. мерекелік жиын ҚР мемлекеттік  әнұранымен басталып, биылғы бітіруші түлектерді  қарсы алуымен жалғасы. Салтанатты кешті мектеп директоры Сариева Гүлзира молдабайқызы ашып,         оқушылар мен ата- аналарды, мұғалімдер мен бітіруші түлектерді құттықтады. Сондай-ақ  оқу жылнда үздік деп танылғандарды марапаттады. Олар: VIII республикалық  тәуелсіз қоғамдық "Үздік  ұстаз" байқауының жеңімпазы, ағылшын тілі пәнінінің мұғалімі  Закирова Сания Хабдулманатовна, "Жылдың үздік ұстазы" Муканова Ақырысгул Сейлхановна, "Жылдың үздік  жас маманы" номинациясы математика пәнінің мұғалімі Сисенбай Дәуренбек Аманғалиұлы, "Жылдың үздік әдістемелік бірлестігі" номинациясымен қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі( жетекшісі Дүсіпова Нұрлыгүл  Әйіпқызы), "Жылдың үздік  сыныбы" номинациясымен  4 "А"сыныбы (жетекшісі Әуелбекова Айгүл Яхиевна) және 5 "А" сыныбы (жетекшісі Несіпақынова Фарида Канатовна) марапатталды.