10
февраль
2021
Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері
9 ақпан күні "Барлық әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде" атты Жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігінің он күндігі аясында мектебіміздің "педагог-сарапшы" біліктілік санатындағы физика пәнінің мұғалімі Күзенбаев Жасұлан Кәрімұлының 9 "А" кезекші сыныбымен (ІІІ топ) "Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері" тақырыбындағы ашық сабағы болып өтті. Қатаң санитарлық талаптар сақталған ашық сабақта "Антисептик сұрақтары" әдісі және тақырыпқа сай жаттығу есептері шығарылды. Сонымен қатар, сабақ үдерісінде оқушылар "Phet colorado" бағдарламасы арқылы математикалық маятниктің тербеліс периодын есептеу үшін виртуалды зертханалық жұмыстар жасады. "Физиктер-лириктер" атты сергіту сәтінде 9 ақпан — ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай оқушылар ақынның тербеліске қатысты өлеңін оқыды. Сабақ соңында оқушылар "Instagram" әдісі арқылы кері байланыстар берді. Аталған ашық сабақ өз мақсатына жетті.





