"Болашақ 72" бастауыш партия ұйымының кезекті жиналысы болды » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Болашақ 72" бастауыш партия ұйымының кезекті жиналысы болды
19
апрель
2021

"Болашақ 72" бастауыш партия ұйымының кезекті жиналысы болды

   19 сәуір күні "Nur Otan" партиясының Әуезов аудандық филиалының "Болашақ 72" бастауыш партия ұйымының кезекті жиналысы болып өтті. Қашықтан өткізілген жиынды бастауыш партия ұйымы төрағасы Төлегенов Абылай Көпбергенұлы жүргізіп, күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Жиын барысында Абылай Көпбергенұлы 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстар барысы жайлы есеп берді. БПҰ төрағасын қайта сайлау бойынша қатысушылардың басым көпшілігі А. Төлегеновтің кандидатурасын қолдады. Партияның аудандық кезектен тыс конференциясына делагат болып мектебіміздің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Сайдағали Демежан Серікбосынұлы сайланды. Өткен жылдардағы атқарылған  жұмыстар қанағаттанарлық деп танылып, партия мүшелері алдағы жасалатын жоспарларға сәттілік тіледі.