Жігіт сұлтаны—2021 » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
май
2021

Жігіт сұлтаны—2021

4 мамыр күні мектебімізде қашықтан "7 мамыр—Отан қорғаушылар күні" және "9 мамыр — Жеңіс күні" мерекесіне орай 7-9 сыныптардың жігіттері арасында "Жігіт сұлтаны—2021" байқауы болып өтті. Байқаудың нәтижесі бойынша "Бас жүлдені" 8 "А" сынып оқушысы Монтайұлы Ақжан иеленсе, жүлделі І орын 9 "А" сынып оқушысы Ұзақ Әділге бұйырды. ІІ орынды 8 "Б" сынып оқушысы Есімхан Арнұр қанжығасына байласа, жүлделі ІІІ орынды 8 "А" сынып оқушысы Сағымбек Айбын, 7 "Б" сынып оқушысы Бауыржан Ерден және 7 "А" сынып оқушысы Дюсенбекұлы Диас иеленді. Байқауды ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізген мектебіміздің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Сайдағали Демежан Серікбосынұлы мен химия пәнінің мұғалімі Сейітқазы Нұрсұлтан Советбекұлына және де жоғарыда аталған сыныптардың жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз. 

#жігітсұлтаны2021 
#72мектеп