Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бүгін елімізде оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу басталды
12
апрель
2022

Бүгін елімізде оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу басталды

✏️ Бүгін еліміздің 1447 мектебінде (барлық мектептің 25%-ы) оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу басталды (ББЖМ). Оған 4 және 9-сынып оқушыларының арасынан 112 мыңнан астам бала қатысады. Ол сәуірдің 29-на дейін жалғасады. Қатысатын мектептер кездейсоқ таңдау әдістемесімен анықталды.
▪️Бұл білім сапасын ішкі қазақстандық зерттеу. Мониторинг жүргізу заңға былтырғы жылы енгізіліп, биыл мектептерде алғаш рет өткізіледі.
▪️Мониторинг мектеп базасында өтеді, оқушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығы бағаланады. Оған оқушыларды арнайы дайындаудың қажеті жоқ.
▪️Мониторинг сұрақтары оқу бағдарламалары бойынша әзірленген және оқушылардың функционалдық сауаттылығын анықтауға бағытталған.
▪️ББЖМ – білім сапасын сырттай тәуелсіз бағалайды, ол оқушылардың мықты және әлсіз жақтарын анықтай отырып, білім сапасын арттыру мақсатында оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жоюды көздейді.
▪️Мониторинг қорытындысы бойынша мектептер үшін жеке тақырыптар мен балаларға қиындық туғызған материалдар талқыланатын болады.
▪️Нәтижесінде сапалы білімге қол жеткізу үшін білім сапасын арттыру жолында әр өңірге және жекелеген мектептерге арналған кешенді талдау жүргізіліп, әдістемелік ұсынымдар әзірленеді.

📌ББЖМ тапсыратын мектебіміздің 4 және 9 сынып оқушыларына сәттілік тілейміз!