Сел қаупі туындаған жағдайда » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
апрель
2022

Сел қаупі туындаған жағдайда


№72 жалпы білім беретін мектептің азаматтық қорғаныс штаб бөлімінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 15 сәуір күні сел қаупі туындаған жағдайға арналған көшіру сызбалары мен жоспарларына сәйкес, оқушыларды, қызметкерлерді және жұмысшыларды ғимараттан көшіру бойынша практикалық іс-шаралар пысықталып, сел жаттығуы өткізілді. №72 жалпы білім беретін мектептің басшы құрамымен, мұғалімдермен және оқушылармен жалпы сел жаттығуына даярлықтың күнтізбелік жоспары, жалпы сел жаттығуына даярлық пен өткізу кезіндегі сынып жетекшісінің жоспары жасалды. Оқушылармен объектіде сел тасқыны қауіпі туындаған кезде халықтың іс-әрекеті бойынша жаднамалар, буклеттер зерттелді. Сел ағынының пайда болу белгілерін, оның сипаттамасын, қирату мүмкіндігін, ықтимал салдарын, объект қызметкерлерінің қажетті іс-әрекетін пысықталды. Авариялық жағдай бойынша жаттығу өткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары нақтыланды. Санитарлық жасақтың жеке құрамы зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмектің қалай көрсетілетіндігін үйретті.