«АЛТЫН САҚА» ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА! » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «АЛТЫН САҚА» ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
19
февраль
2022

«АЛТЫН САҚА» ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

«АЛТЫН САҚА» ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
3-4 сынып оқушылары арасында өткізілетін «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі Алматы қаласының мектептерінде санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, офлайн форматта өткізіледі.
 
Олимпиаданың басталуы:
3 сынып -  21.02.2022 ж    сағ 10.00-11.00 (Нұр-Сұлтан уақытымен);
4 сынып -  21.02.2022 ж    сағ 12.00-13.00 (Нұр-Сұлтан уақытымен).
 
Бұл уақыттан кешіккен оқушылардың жұмыстары ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ. Барлық мектептерде олимпиада бір уақытта басталып, бір уақытта аяқталады.
 
Мектеп базасында офлайн форматта өткізіледі.
Олимпиаданың тапсырмалары жалпы екі бөлімнен тұрады. Берілетін уақыт - 60 минут, осы уақыт аралығында әр бөлімдегі тапсырмаларды орындау арқылы қатысушы 100 ұпай жинауы қажет.
Бірінші  бөлім.  Тест жұмысы,  10 есеп беріледі,  әр  дұрыс  жауапқа
5 ұпай, жалпы ұпай саны 50 .
Екінші бөлім. Бос орынды толықтыру, 10 есеп беріледі, мұнда оқушылар тек жауаптарын толтырады. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай  беріледі,  жалпы ұпай саны 50.
Мектепішілік кезеңнен жоғары ұпай жинаған оқушылар қалалық кезеңге жолданады.
Жеңімпаздар саны әр мектептен 4 оқушы (яғни 3 сыныптан - 2 оқушы, 4 сыныптан - 2 оқушы).
 
Ескерту:
1.     Олимпиада тапсырмасы 21.02.2022 күні сағ 08.00-09.00 аралығында  мектептің эл. почтасына жіберіледі.
2.       Олимпиада аяқталған соң, мектеп әкімшілігі жеңімпаздарды анықтайды. Берілген кестеге сәйкес толтырылған тізімнің сканерленген нұсқасын (мектеп директорының қолы мен мөрі басылған) 21.02.2022 ж сағ 15.00 дейін сол почтаға  жіберуі қажет. 
3.       Олимпиадаға қатысушыларға сертификат берілмейді, ал олимпиада жеңімпаздары дипломмен марапатталады.
4.       Олимпиада материалдарын алу үшін төменгі сілтеме арқылы сауалнаманы толтырып тіркелу қажет.
 
Сілтеме 20.02.2022ж 14:00 дейін ашық болады
https://forms.gle/vWTfSaTJrEPF2xpe9

@edu.almaty
@almaty_mektepteri