Сәбит Мұқановтың музей-үйіне экскурсия » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Сәбит Мұқановтың музей-үйіне экскурсия
17
май
2022

Сәбит Мұқановтың музей-үйіне экскурсия

17 мамыр күні тарих пәнінің мұғалімі Несипакынова Фарида Канатовна 8 "А" сыныбымен классик жазушы Сәбит Мұқановтың музей-үйіне экскурсия жасады. Экскурсия барысында оқушылар жазушының қолданған заттары, еңбектері мен кітаптарымен танысып шықты. 1973 жылға дейін өзінің тұрған үйі, тәуелсіздік жылдарынан соң музей болып құрылған. Жазушының еңбектері әлемнің 27 тілінде аударылып, қалың оқырманға жол тартқан. Ол дүние-мүлікті емес, байлығы ретінде кітаптар жинаған. Осындай құнды жәдігерлермен танысқан оқушыларымыз экскурсиядан үлкен әсер алып қайтты. Экскурсияны ұйымдастырып, оқушыларға тарихи тұлғаларды таныстыруда тынбай еңбек етіп жүрген Фарида Канатовнаға алғысымызды білдіреміз.