Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “Lesson Study: рефлексивті тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа” атты Ұлттық конференция
30
март
2023

“Lesson Study: рефлексивті тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа” атты Ұлттық конференция

8 сәуір күні “Lesson Study: рефлексивті тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа” атты І Ұлттық конференцияның аясында мектеп директоры Сариева Гулзира Моллбаевна және мектеп тренерлері Нусупова Айзада Айгабыловна, Күзенбаев Жасұлан Кәрімұлы Астана қаласы әкімдігіне қарасты #38 мектеп-лицейінің іс-тәжірибесімен танысты. Онда мектеп оқушыларының шығармашылық жұмыстары, мектеп ұстаздарының Сабақты зерттеу бойынша жұмыстарының көрмесін тамашалады. Физика пәні мұғалімі Жасұлан Кәрімұлы 10 “А” сыныбында физика пәнінен “Заттардың магниттік қасиеттері. Кюри температурасы” тақырыбындағы зерттеу сабағына қатысса, бастауыш сынып мұғалімі Айзада Айгабыловна 3 “А” сыныбында қазақ тілінен “Дыбыс және әріп” тақырыбындағы зерттеу сабағына қатысты. Сабақ республиканың әр өңірінен келген әріптестермен және шетелдік эксперт (Малайзия) PhD доктор Хасна Абдуламен бірге талданды.

Астана мектептерінің іс-тәжірибесінен соң зерттеуші топ мүшелері Педагогикалық шеберлік орталығының Астана филиалындағы семинар-тренингке қатысты.