10
февраль
2025
Балалар кітапханасы
Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы «Балалар кітапханасы» бағдарламасы және «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру аясында 2024-2025 оқу жылының 30 желтоқсан – 8 қаңтар аралығындағы қысқы демалыс кезінде мектеп оқушыларының бос уақытын пайдалы өткізу мақсатында оқушылар оқитын әдебиеттер тізімін ұсыныс ретінде жолдады. “ Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз” атты іс- шараларға ат салыстық. Оқушылар ұсынылған кітаптар тізімі бойынша кітаптар алып оқып, өз ойларымен бөлісті. Қысқы демалыстарын босқа өткізбей, кітап оқумен айналысты. Басқа да оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын оята білді деп сенеміз.