“Әкелер мектебі” жобасы » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
февраль
2024

“Әкелер мектебі” жобасы

2 ақпан күні мәжіліс залында “Жасөспірімдердің желідегі әрекеті” тақырыбында 5-6 сыныптың әкелері арасында семинар болып өтті. Аталған семинар “Әкелер мектебі” жобасы аясында жоспарланған. Семинарда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Едилова Алтынай Тулеевна “Жасөспірімдер арасындағы буллинг пен кибербуллингтің алдын алу” тақырыбында баяндама оқыды. Аталған сыныптардың жетекшілері Сағындық Айжан Оралбекқызы, Құрманалиева Айгерім Абжаппарқызы, Мырзалиева Нургул Жанузаковна, Бейсембі Назым Тұрсынқұлқызы әкелерге арналған тренинг-ойындар жүргізді. Семинар соңын мектеп директоры Гүлзира Молдабайқызы қорытындылап, келген әкелерге өз алғысын білдірді.

P.S: алдағы уақытта мектебімізде “Аналар мектебі”, “Ағалар мектебі”, “Жеңгелер мектебі” жобасы аясында іс-шаралар өтетінін естеріңізге саламыз.