Алматы ұстазы » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
январь
2021

Алматы ұстазы

"Алматы ұстазы" республикалық ақпараттық-танымдық журналының №4 (57) санында  мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі, гуманитарлық ғылымдар магистрі Төлегенов Абылай Көпбергенұлының "Қашықтан білім беруде "Өрлеудің" мұғалімдерге әдістемелік көмегі" тақырыбындағы мақаласы және мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Игэлэг Қарақаттың "Оқушылардың оқырмандық қабілетін дамытуда қазақ әдебиеті сабағында эпикалық шығармаларды оқытудың маңызы" атты мақаласы жарыққа шықты. Сонымен қатар қос әріптесіміз "Qazaqstan" ұлттық арнасындағы "Білім бәйгесі" бағдарламасында болып, қатысушыларға өз пәндерінен сұрақтар қойды. Абылай Көпбергенұлы мен Қарақат Игілікқызына алғысымызды білдіре отырып, шығармашылықтың шыңына шығып, биік белестерді бағындырсын демекпіз.