Ару мерген » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
май
2022

Ару мерген


Алматы қаласы Білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдық және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдық мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған қалалық әскери-спорттық жарыста "Жас мерген—юный стрелок" номинациясы бойынша 9 "Б" сынып оқушысы Әділбек Әділ жүлделі ІІІ орынды, "Мерген атқыш—меткий стрелок" номинациясы бойынша 9 "Б" сынып оқушысы Көшік Тубай жүлделі ІІ орынды, "Ару мерген" номинациясы бойынша белсене қатысқаны үшін 10 "Б" сынып оқушысы Бақдаулет Балнұр марапатталды.
Аталған мереке қарсаңында ұйымдастырылған іс-шараларға белсене қатысып, жеңімпаз шәкірттерді дайындаған және өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие мен білім беру саласындағы шығармашылық табыстары үшін мектебіміздің АӘТД пәнінің мұғалімі Енсебаев Бахытжан Ксенұлына алғысымды білдіреміз.

🇰🇿🥈🥉

@edu.almaty
@almaty_mektepteri

@auezovpoo_

 

Похожие публикации:

20 апрель 2022 Оқушы жетістігі
18 апрель 2022 ҰЛТ ҰСТАЗЫ