Оқушыларға » Страница 9 » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
Оқушы жетістігі
25
апрель
2021
Оқушы жетістігі
Мектебіміздің жас әншісі, 5 "А" сынып оқушысы Бостан Нұрболат "Qazaq uly" тобының мүшесі. Аталған трио кеше ғана өткен Республикалық ән конкурсында 1 орынды иеленді және екі бейне баянға жолдама алды. Жуырда "7 TV" арнасынан көре аласыздар. Жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Оқушы жетістігі
24
март
2021
Оқушы жетістігі
Ұлыстың ұлы күні —Наурыз  мейрамына орай Ықылас атындағы халық аспаптар музейінде ұйымдастырылған "Топжарған" зияткерлік сайысында мектебіміздің 9 "А"  сынып оқушысы Реметова Шынар "Бас жүлдені" және Реметова Шырын жүлделі І орынды иеленді. Жеңістерімен шын жүректен құттықтай келе, сайысқа дайындаған жетекшісі, мектебіміздің "педагог-модератор" біліктілік санатындағы тарих пәнінің мұғалімі Төлегенов Абылай Көпбергенұлына алғысымызды білдіреміз.
Ұстаз бен оқушы жетістігі
23
март
2021
Ұстаз бен оқушы жетістігі
"ІНЖУ-МАРЖАН" атты Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы ұлттық дәстүрлі өнер байқауында "Көркем сөз" номинациясы бойынша І орын жүлдегері, мектебіміздің 7 "А" сынып оқушысы Закирова Дананы шын жүректен құттықтаймыз. Байқауға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Муханова Акрысгул Сейлхановнаға алғысымызды білдіреміз.
Оқушы жетістігі
18
март
2021
Оқушы жетістігі
Алматы қаласы Білім басқармасы Оқушылар сарайының @dvorec_almaty  ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық "Ақ мамам" атты ән байқауында мектебіміздің 5 "А" сынып оқушысы Бостан Нұрболат жүлделі І орынды иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, бұданда биік белестерді бағындырсын демекпіз.
Ұстаз бен оқушы жетістігі
17
март
2021
Ұстаз бен оқушы жетістігі
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының @almatydaryny ұйымдастыруымен өткен "Жалғасы бар, Жырымның жалғасы бар" атты Мұқағали Мақатаев оқуларының І орын жеңімпазы мектебіміздің 7 "А" сынып оқушысы Закирова Дананы шын жүректен құттықтаймыз. Байқауға дайындаған ұстазы, мектебіміздің жоғары санатты қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Муханова Акрысгул Сейлхановнаға алғысымызды білдіреміз.
Кітап оқу—рухани кемелденудің көзі
16
март
2021
Кітап оқу—рухани кемелденудің көзі
"Кітап оқу—рухани кемелденудің көзі. Қазіргі уақыт—секунд сайын жаңарған ақпарат заманы".  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.  Мемлекет басшысы "Қандай кітап оқып жатырсыз?" челлендж-эстефетасын бастап, оны барша Отандастарға, әсіресе жастарға жолдайтынын жеткізген болатын. Осы орайда мектебімізде мектеп кітапханашысы Нуркешова Фарида Махмутовнаның ұйымдастыруымен кітап көрмесі болып өтті. Онда Президент ұсынған кітаптар қойылды.
СЫҢҒЫРЛА ҚОҢЫРАУ
04
март
2021
СЫҢҒЫРЛА ҚОҢЫРАУ
Бүгін онлайн оқудан штаттық режимге көшіп, алғаш мектеп табалдырығын аттаған 1 сынып оқушыларынын 11 сынып оқушылары құрметпен қарсы алды.
📢ХАБАРЛАНДЫРУ!
03
март
2021
📢ХАБАРЛАНДЫРУ!
📢ХАБАРЛАНДЫРУ! Баласын 1 сыныпқа беретін ата-аналардың назарына! ҚР Білім және ғылым министрлігінің 24 маусым 2020 жылғы №264 бұйрығындағы өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес Бастауыш, негізі орта, жалпы орта білім беру бағдарламасын жүзеге асырушы білім беру мекемелеріне қабылдаудың Үлгілік ережелеріне сәйкес бірінші сыныпқа қабылданушы балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінен өтініш қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамыз аралығында жүзеге асатынын естеріңізге саламыз.  Толығырақ
ҰСТАЗ БЕН ОҚУШЫ ЖЕТІСТІГІ
01
март
2021
ҰСТАЗ БЕН ОҚУШЫ ЖЕТІСТІГІ
"Білім шыңы" қоғамдық ұйымы мен Президенттік "Жасұлан" Жастар ұйымының ұйымдастыруымен өткен " ALTYN URAQ" зияткерлік олимпиадасына қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленген мектебіміздің 5 "А" сынып оқушылары Нұржау Ақмерей мен Нұрымжанқызы Әминаны шын жүректен құттықтаймыз. Зияткерлік олимпиадаға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Әлдібек Толқын Жұмашқызына алғысымызды білдіреміз.
Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күні
22
февраль
2021
Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күні
Алматы қаласы Әуезов ауданы №72 жалпы білім беретін мектепте Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай іс-шаралар өтілуде.         1 наурыз күні әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күні атап өтіледі. Бұл мереке әлемдегі сан алуан елдердің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға барлық күшті біріктіру, халықты Азаматтық қорғаныс пен Төтенше жағдайлар (АҚ пен ТЖ) қызметтерін тосын
"Фариза, Фаризажан, Фариза қыз" атты Республикалық жасөспірімдер байқауы
09
январь
2021
"Фариза, Фаризажан, Фариза қыз" атты Республикалық жасөспірімдер
"Фариза, Фаризажан, Фариза қыз" атты Республикалық Фариза Оңғарсыновaның өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндерден балалар мен жасөспірімдер байқауында "Көркем сөз" номинациясы бойынша мектебіміздің 6 "А" сынып оқушысы Мамырбекова Амина жүлделі І орынды иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, сайысқа дайындаған жетекшісі, мектебіміздің жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Муханова Акрысгул Сейлхановнаға алғысымызды білдіреміз.  P. S:  аталған байқауды
ҰБТ-2021: биылғы жылдан бастап не өзгереді
05
январь
2021
ҰБТ-2021: биылғы жылдан бастап не өзгереді
       Ұлттық бірыңғай тестілеуді электронды форматқа көшіруге қатысты жұрттың көкейіндегі сұрақтарға Қазақстан Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов жауап берді. ҰБТ тапсыру уақыты үш айға созылады Смағұлов "электронды форматпен" ҰБТ тапсыру мен ҰБТ-ны онлайн тапсыру екі бөлек дүние екенін ескертті. Электронды форматта оқушылар мамандандырылыған тестілеу орталықтарындағы компьютерлерді пайдалану арқылы тест тапсырады. "Егер бұған дейін әрбір оқушыға тест тапсырмалары бар кітапша
Кім мықты?
03
декабрь
2020
Кім мықты?
Бүгін мектебіміздің 7 сынып оқушылары мен олардың ата-аналары "Хабар" телеарнасындағы білім мен біліктілікті сынау мақсатында ұйымдастырылған "Кім мықты?" бағдарламасына қатысып қайтты. Аталған бағдарламаның 5 кезеңі де қызықты өтті. Бағдарламаға қатысқан оқушылар мен ата-аналарына және де мектебіміздің пән мұғалімдеріне алғысымызды білдіреміз.  Құрметті оқырман! Хабар арнасы түсірген "Кім мықты? " бағдарламасын алдағы уақыттa көгілдір экраннан көре аласыздар.