Тамақтану сапасының мониторингісі. 2023-2024 оқу жылы. І-жарты жылдық » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тамақтану сапасының мониторингісі. 2023-2024 оқу жылы. І-жарты жылдық
09
апрель
2024

Тамақтану сапасының мониторингісі. 2023-2024 оқу жылы. І-жарты жылдық

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығында келтірілген тамақтану сапасына жүргізілген мониторинг

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы Заңының 43-ші  бабының 3-ші тармағының 11 тармақшасына, 45-бабы 3-тармағының 4 тармақшасына, 48-бабына сәйкес, оқушылардың білім алуын қамтамасыз ету және оған жағдай жасау мен «Жалпы оқу қорынан» бөлінген бюджет қаражатының мақсатты түрде жұмсалуын қамтамасыз ету. 

2023-2024 оқу жылында «Жалпы оқу қорынан бөлінген қаржының жұмсалуы туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес, мектептегі аз қамтылған, жетім, және әл-ауқаты төмен көп балалы отбасындағы оқушыларды ыстық тамақпен қамту ұйымдастырылды.

Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету және санитарлық – гигиеналық талаптарды орындау мақсатынының бұйрығы бойынша

  • 1  қыркүйектен бастап  барлық оқушылардың  тамақпен қамтылуына басты назар аударып, яғни 1-4 сынып, ақылы және тегін тамақтанатын көпбалалы жанұялардан, аз қамтылған және ата-ана қамқорынсыз  (жетім) қалған оқушыларға толық ыстық тамақ ішуілуіне әлеуметтік көмек көрсетілуде. 
  • Ыстық тамақты ұйымдастыру  тікелей жауап беретін әлеуметтік педагог Н.К. Куатоваға  жүктелінді.
  • Мектепте тамақтану мәселесімен айналысатын  жеке кәсіпкер Тлеубаева Марияш Сериковна– білімі жоғары- мамандығы-технолог; ИП  «ТЕС»  Тамақтарды тасымалдау, даярлау кезінде белгіленген санитарлық – гигиеналық тазалығына  бас азпасшы Адильбекова Ботагөз жауап береді.
  • Тағам саласындағы жұмыскерлермен санитарлық сауаттылықпен жеке бастың гигиенасын сақтау туралы жұмыстың үнемі жүргізіліп отыруын мектеп медбикесі  А. Сембаеваның   қадағалауында болады.

Бүгінгі таңда асхана оқушылар тамақтану үшін 70 орынға есептелген, асхана жұмыс істейді. Асхана күніне 300 бала қабылдайды, буфет өнімдерінің орта бағасы 200 тг құрайды. Оқу жылының басында   атаулы көмек алатын ата-аналармен түсіндірмелі жұмыстар жүргізілді.

Яғни 1-4 сыныптар бойынша -197, 

5-8 сыныптар бойынша -9,

9-11 сыныптар бойынша-5. 

Ал, күн көрісі төмен көмекке мұқтаждағы 10 оқушыға арендатор есебінен тегін тамақ берілді

Мектебіміздің тегін ыстық тамаққа  бюджеттен 2023-2024 оқу жылынды 163 – всеобуч

 1998 000; 159- 1-4 тер 24 090 000 бөлінді. Күнделікті орташа есеппен асханада тамақтанатын оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай 1-4 сыныптарға – 744,38тг

5-8 сыныптар874,90тг

9-11 сыныптар- 995,79 тг құрайды. 

      Оқушыларды тамақтандыру кезінде сапалы және денсаулыққа қауіпсіз тамақ өнімдерін қамтамассыз ету мақсатында 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйырығымен бекітілген  санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың 7 бөліміне сәйкес баланың ағзасына зиян тамақтарды сатуға тыйым салынған (флотша мокорон, кремі бар кондитерлер, морстар,квастар т.б.) Мектеп асханасында тамақпен қамту- 88 %, тегін тамақтанатындар -11,9% құрайды. 

     Мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі А.Т. Едилова және әлеуметтік пеадгог  Н.К. Куатова  оқушылардың тамақтану кестесін құрып, асханада кезекшілік орнатып, кесте бойынша оқушылардың асханаға кіруін үнемі қадағалап тұрады. 


МЕКТЕП АСХАНАСЫНЫҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

2023-2024 оқу жылы


Атқаратын жұмыс

Мерзім 

Жауапты адам

1

Жұмыстың басталуы

06:00

Бас аспазшы

2

Тамақ әзірлеу

06:00-09:20

Аспазшы 

3

     І-ауысым

  1. Сыныптар

Ақылы тамақтану бойынша

Тегін тамақпен қамтылуы бойынша

5-11 сыныптар (СУСН)

ІІ- ауысым

Оқушылардың тегін тамақпен қамтылуы

2-4 сыныптар

935-940


1025-1035


11 20-1125


1405-1415

1515-1525

1605-1615




Аспазшы 

Әлеуметтік педагог

Мектеп медбикесі

4

Жұмыстың аяқталуы

17:00

Аспазшы 

5

Асхананы тазалау

Ыдыстарды тазалау

17:30-18:30

Бас аспазшы


Жалпы оқу қорынан   тегін  ыстық тамақпен қамту кестесі

Сынып

Уақыты 

Ескертпе 


1

  1. сыныптар

5-11 сыныптар

(СУСН)

935-940

11 20-1125

1 сынып-62

5-11 сынып-12

Арендатор есебінен-10

2

2 сыныптар

3 сыныптар

4 сыныптар

1415-1420

1505-1510

1555-1600

2 сынып-51 бала

3 сынып-39 бала

4 сынып-45 бала



Ақылы тамақтану уақыты

І ауысым

сынып


ІІ ауысым

сынып

1

1 сабақ 08:45

2 сабақ 09:35

3 сабақ 10:25

5 сабақ 12:10

6 сабақ 13:00

5-6 сынып

7-8 сынып

9-10 сынып

11 сынып

1 сабақ 14:15

3 сабақ 15:05

4 сабақ 15:55


  1. сыныптар
  2. сыныптар
  3. сыныптар

Мұғалімдер мен жұмыскерлердің тамақтануы: мұғалімдер мен жұмыскерлерге де тамақтану ұйымдастырылған, оқушылардың тамақтануынан айырмашылығы жоқ, күнделікті мөлшерге сай. 

Мектеп асханасының мәзірі. Ас мәзірі әр түрлі. Күнделікті ас мәзірі әр түрлі ассартиментті азық -түліктер, күлинариялық түрлі тәттілерден тұрады.  Күнделікті ас мәзірінде сиыр еті, тауық еті, және балық  тағамдары, сүт  және сүттен жасалған  тағамдар, сары май, өсімдік майлары, нан және ұннан жасалған әр түрлі тағамдар болады. 

    Апта ішінде міндетті түрде ас мәзірінде  жарма және  макарондар, кондитерлік тағамдар, картоп,  табиғи шырындар және дәруменді азық- түліктер қолданылады. 

Түскі астағы бірінші тағам өзіне лайықты бірінші орынды алады. Ет, балық тауық еті, көкөніс сорпалары,әр түрлі дәстүрлі тағамдар, борщ  дайындалады. 

Екінші тағам гарнирі  әр түрлі жармалардан қарақұмық, арпа, күріш  т,б. дайындалады. Мектеп асханасында оқушыларға арнайы түрде жаңа піскен көкөністерден жасалған, жемістер қосылған салаттар  ұсынылады. Бұл салаттарда адам ағзасына пайдалы дәрумендер, микроэлементтер бар. 

     Мектеп асханасыдағы тамақтың ұйымдастырылуы және жұмысы арнайы комиссиямен тексеріліп бақыланады.

Бұл бракираждық комиссия құрамына:

  1. Комиссия төрайымы: Сариева Г.М
  2. Қамқоршылық кеңес төрайымы:  Әзімхан Г.Е.
  3. Оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасар: Едилова А.Т 
  4. Медбике: Сембаева А.Қ,
  5. Әлеуметтік педагог: Н.К. Куатова

         Асханада тамақтану кезінде  мұғалімдер және оқушылардың кезекшілік кестесі құрылған.

Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыруы: жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай.     Ыдыстармен қамтылуы және ыдыс жуатын бөлменің жай-күйі: ыдыстар жеткілікті, ыдыс жуатын бөлме таза, әр ыдыс орынды қойылған, ыдыстардың беті жабық тұрады.   Тамақтың сапасы, құнарлығы: тамақтың дайындалуы асхананың режиміне сай, орта құнарлығы 552 ккал. Ас мәзірі, сыныптардың тамақтану кестесі бар. Бастауыш, орта және жоғарғы буын сыныптарының тамақтану мерзімі қойылып ережесі сақталынады. Буфет тағамдарының түрлі мәзірі сатылып тұрады. Диспенсерлі таза су. Шағымдар мен ұсыныс кітабы бар. Қол жуатын, кептіретін арнайы орынның жабдықталуы бар.

     Мектеп асханасының міндеттемелері;

1) мектеп асханасының, буфеттің эстетикалық безендірілуі, ас үйдің қазіргі заманғы дизайны мен мектеп эргономикасы талаптарына сай жабдықталуын;

2) азық-түліктердің арнайы бөлінген автокөлік (рефрижератор немесе изотермиялық кузовы бар автокөлік) ыдыстарында жеткізілуін;

3) қоймалық бөлмелерде азық-түліктердің дұрыс тіркеліп, уақытылы жұмсалуына тапсырысты құрастыруды;

4) азық-түліктердің сақталу жағдайы мен тұтыну мерзімін қадағалауды;

5) ас үйге түсетін тез бұзылатын азық-түліктердің сапасын бақылау журналының дұрыс  әрі толық толтырылуын;

6) ас дайындау технологиясы мен азықтың суықтай өңделу ережесін қадағалаудын;

7) шикізаттың жеткілікті қолданылуы, дайын астың сапасын бақылайтын бракераждық журналдың уақтылы толтырылуын;

8) ас үй құжаттарының болуы мен толтырылу жағдайын, сонымен қатар ас үй қызметкерлерінің жеке медициналық кітапшасын;

9) кез-келген уақытта шаруашылық қызметтеріне араласпай қызмет көрсету барысы мен сапасын қадағалап, бақылау жүргізіп отыру.

Мектеп мейірбикесінің міндеті:

1) әрбір тамақ әзірлеген қазаннан тікелей тамақ сынамасын алып, оқушыларға таратуға болатыны мен сапасы туралы бракераждық журналға жазады;

2) жүйелі түрде (тосыннан) тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымын тексеру;

3) ата-аналар мен басқа бақылаушылар тарапынан түскен талап-тілектер мен өтініштер журналындағы мәліметтермен танысу.

 Жалдаушының міндеті;

1) бекітілген ас мәзіріне сәйкес оқушыларға ыстық тамақтануды ұйымдастырады;

2) қолданылып жүрген заңдылықтарға сәйкес сапалы әрі қауіпсіз азықтар жеткізеді;

3) бөлмелер мен құрал-жабдықтардың қоғамдық тамақтандыру мекемелеріне арналған қолданылып жүрген санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сай санитарлық жағдайда болуын қамтамасыз етеді;

4) сапасы төмен, ақауы бар азықтарды өз есебінен алмастырып, алмастыру мүмкін болмаған жағдайда тауарды өндірушіге немесе сауда желісіне кері қайтарады;

5) тез бұзылатын азық-түліктерді сақтау, тарату мерзімін бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкестігін қадағалау;

7) азықтарды санитарлық өңдеуден өткен ыдыстармен жеткізу;

8) азықтарды санитарлық паспорты бар болған жағдайда жекеменшік көлігімен жеткізеді;

9. Тамақ таратушылар үлестіру кезінде тамаққа қолдарын тигізбей, екінші тағам, гарнирлерді арнайы қасық, шанышқылармен салуы тиіс.

10. Күнделікті ас үйде әзірленген дайын тамақтың тәуліктік сынамалары, қажеттілігіне  қарай зертханалық бақылаулар үшін қалдырылып отырады.

11. Күнделікті мектеп асханасының көрінетін жерінде дұрыс тамақтану бұрышының қасында, әрбір ата-ана баласы бүгін қандай тамақ ішіп-жегенін білуі үшін ас мәзірі ілініп тұрады.

Қорытынды. Буфетте талапқа сай тағамдар сатылады. Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы, олардың денсаулығын сақатауларына, жақсы оқуларына әсер етеді.  Оқушылардың көп уақыттары мектепте өтетіндіктен мектепте  жақсы тамақтануды ұйымдастыру біріншіден олардың  денсаулық деңгейін көтереді.Сол себепті  өсіп келе жатқан жеткіншектердің дұрыс тамақтануы ең басты фактор болып саналады.Толық және құнарлы тамақтану әр түрлі аурулардан алдын алады, оқуда жұмыс атқару әректін арттырады, физикалық және ойлау қабілетінің дамуына, қазіргі өмірге бейімделуіне ықпалын тигізеді. 

Ұсыныс; 

1) Күрделі асқазан ауруына әкелетін коммерциялық газдалған сусындарды, тез дайындалатын тамақтарды атап айтқанда (гамбургерлер, ход-догтар) чипсы, кириешки, сағыздар, қуырылған бәліштерді  көршілес тұрған дүкеннен алып қолдануға жол берілмеуін  қадағалау.

2) Оқушыларды тамақтану мәдениетіне және тіршілікке қажет тағамдарын қолдану туралы насихаттау жұмыстары сынып жетекшілердің қадағалауында болу.

3) Асханадан шыққан оқушы келе жатып дәлізге, соңына дейін желінбеген тағамын немесе қораптағы сусынды ішіп, қорабын тастап кетуін қадағалау.

4) Сынып жетекшілері үнемі оқушыларына тазалықты және мектеп ережесін айтып отыру.

5) 2023-2024 оқу жылының соңына дейін әл-ауқаты төмен оқушылардың  тегін тамақпен қамтылуы ұйымдастырылып, қадағаланыуын бақылау. 

«Мектеп асханасының ас мәзірі  бойынша оқушылардан алынған сауалнама қорытындысы»

 




 Ұжымның пікірлері: Тамақ сапасына көңілдері толады. Қарсы өрескел пікір орын алған жоқ. Бракержадық комиссия құрамы, өз жұмыстарын оқу жылының соңына дейін  

жұмыстарын жалғастырады.



Мектеп директоры                           Г.М. Сариева 


Әлеуметтік педагог                          Н.К. Куатова