Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
ноябрь
2024

Өмірге салауатты қадам

Жасөспірімдер арасында синтетикалық есірткінің таралуының алдын алу бойынша түсіндіру іс-шаралары (Интернет-ресурстар арқылы). Олардың зияны мен денсаулыққа кері әсері туралы деректі фильмдерді көру.   Медицина қызметкері Топтарда есірткіге қарсы плакаттарды, бейнероликтерді және т. б. жобалау бойынша іс-шаралар өткізу.




№72 ЖББ   мектепте   осы жылдың 26 қараша күні оқушылармен темекі шегудің, ішімдіктің, есірткінің зияны туралы профилактикалық мақсатта мамандармен кездесу-әңгімелесу өткізілді. 

Кездесудің мақсаты: оқушыларға темекі шегудің, ішімдіктің, есірткінің және психотропты заттардың зияны туралы  алдын алу шарасы арқылы түсіндіру. Кездесуге Алматы қалалық №4 поликлиникасынан осы саладағы дәрігер Аппарбекова Эльмира Бексеитовна бастаған мамандар шақырылды. Кездесуді ұйымдастырушылар: мектеп дәрігері Сапарова А.О., медбике Сембаева А.К., биология пәні мұғалімі педагог-зерттеуші Садыкова О.А. 8 «А», «Б», 9 «А», «Б» оқушылары қатысты.





Мамандар оқушыларға  «Есірткі, психотропты заттар, сонымен қатар алкогольді ішімдіктерді тұтыну және оның адам ағзасына әсері мен қоғамға әкелетін зардаптары» туралы бейнеролик көрсету арқылы денсаулық адам  өмірірінің негізгі құндылығы екенін айтып баяндады. Оқушылар  қызығушылықпен тыңдады, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Оқушылар мынадай жауапты сұрақтар қойды: осындай жаман әдеттерден құтылуға бола ма деп? Мамандардың жауабы: бұндай жаман әдеттерден аулақ болыңыздар деді және салауатты өмір салтын қолдауға шақырды.

    Сонымен қатар іс-шара барысында ағза қызметіне ақау келтіріп қана қоймай, ауыр психикалық және бас миының зақымдануына әкеп соғатын жаңа психобелсенді заттарды тұтынудың ауыр салдары туралы түсіндіріліп, тақырыпқа қатысты дәріс оқылды. “Егер бұл туралы бейнеролик көрсетпесек, оның не екенін, қаншалықты зиянды екенін түсінбес едіңіздер”, – деп айтты дәрігер Аппарбекова Э.Б.

   Мамандар оқушыларға есірткені тарату, қолдану үшін заң алдында жауапкершілікке тартылатындарын басып айтты.

“Бір рет дәмін көрем де, қоя салам” десеңіз – қателесесіз! “Тәуелді болып қалсам, дәрігер емдей салады” деп ойласаңыз да – қатты қателесесіз! Нашақорлық – ең ауыр дерт-деді маман дәрігер. Кездесудегі әңгіме пікір - талас оқушылар үшін пайдалы және мазмұнды болды. Оқушылардың  өз әрекеттерінің салдарын түсінуі және негізделген шешім қабылдауы маңызды. Бұл кездесу келешекте оқушыларымызға дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік береді деп үміттенеміз.