Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Тілім менің ғасырларға аманат» атты іс-шара
09
сентябрь
2024

«Тілім менің ғасырларға аманат» атты іс-шара

«Тілім менің ғасырларға аманат» атты іс-шараның  анықтамасы

Сыныбы: 4 «А», 5 «Б»

Мерзімі: 06.09.2024 ж

Тақырыбы: «Тілім менің ғасырларға аманат».

Мақсаты: 

  • Оқушыларды өз ана тілін дамытуға, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. 
  • Жас ұрпаққа ана тілінің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқандарын оқытып үйрету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.
  • Оқушыларды мәнерлеп көркем сөз оқуға үйрету.
  • Тілді құрметтеп қадірлеуге тәрбиелеу, ана тілін аялап құрметтеуге баулу.

     4 «А»,   5 «Б» сыныбында 6 қыркүйек күні өткізіліп отырған іс-шара мектептің тәрбие саласының жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілді. Іс-шара мектебіміздің АКТ залында өткізілді.  Қазақстанның әнұраны шырқалу арқылы басталған іс-шараға ұстаздар мен оқушылар қатыстырылды. Сынып жетекшілері: Шынгысова А.К, Ерланқызы А. «Тіл туралы» диалогтарын оқып, тіл мерекесімен құттықтап, оқушыларға тіл жанашырларының еңбектерімен таныстырды. 

4 «А» сынып оқушылары мәнерлеп өлең оқып, ақын-жазушылардың тіл туралы айтқан еңбектерімен таныстырды.  5 «А» сынып оқушылары «Ұлт ұстазы- Ахмет» атты көріністерін қою арқылы Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіліне қосқан үлесін сомдап шықты. 


Сынып жетекшілер «Тіл жанашырлары» тақырыбында шағын еңбектерін   оқыды. Арнайы дайындалған видеороликтен соң, 4 «А», 5 «Б» сынып оқушылары «Ана тілі» атты хормен іс-шараны жапты.

Оқушылар іс-шараны барынша жақсы өткізуге талпынды. Сынып жетекшілер оқушылардың барлығына жауапкершілік артқаны байқалды. Барлық оқушылар шараға белсенді қатысты. 

«Тілім менің ғасырларға аманат» атты тәрбиелік іс-шара жоғары  деңгейде бағаланды.                                                 




Сынып жетекшілері: Шынгысова А.К  

                                                                                                           Ерланқызы А.