Ұстаз-мәңгі нұрдың қызметшісі » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Ұстаз-мәңгі нұрдың қызметшісі
08
октябрь
2019

Ұстаз-мәңгі нұрдың қызметшісі

5 қазан күні мектебіміздің мәжіліс залында 3 "б" және 11 "а" сынып оқушыларының  ұйымдастыруымен  "Ұстаз-мәңгі нұрдың қызметшісі" атты мерекелік концерт болып өтті. Мерекелік кеште мектеп директоры Гүлзира Молдабайқызы мектебіміздің педагогикалық ұжымын  төл мерекелерімен құттықтап, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың құттықтау хатын оқыды. Сонымен қатар үздік  ұстаздарды марапаттады. Олар: ҚР  Білім және ғылым  министрлігіінің құттықтау ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫмен Дүсіпова Н.Ә; ҚР  Білім және ғылым  министрінің құттықтау хатына ие болған Шынарбекова А.Н; Аудан әкімінің  АЛҒЫС ХАТЫмен Сатылганова Э.К; "Ұстаз" жергілікті кәсіп одағы Әуезов ауданы филиалының  алғыс хатымен Жусупова Б.П, және Казатаева Ш. марапатталды.  Биыл ғана ЖОО бітіріп , алағаш еңбек жолын біздің мектепте бастаған жас мамандар педагтік ант қабылдады. Мерекелік кешті жоғары деңгейде өткізген 3 "б" және 11 "а"  сынып оқушылары мен олардың сынып жетекшілері Нусупова А.А. және Едилова А.Т. алғысымызды білдіреміз.и