"Табысты мұғалім, табысты мектептің көрсеткіші бола ала ма?" тақырыбында коучинг » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Табысты мұғалім, табысты мектептің көрсеткіші бола ала ма?" тақырыбында коучинг
17
май
2020

"Табысты мұғалім, табысты мектептің көрсеткіші бола ала ма?" тақырыбында коучинг

15-16 мамыр күндері №72 жалпы білім беретін мектепте ZOOM платформасында қашықтықтан "Табысты мұғалім, табысты мектептің көрсеткіші бола ала ма?" тақырыбында коучинг болып өтті. Коучингқа Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласы филиалында мектеп көшбасшылары курсының тыңдаушылары (әр өңірдің мектеп директорлары) мен мектептің педагогикалық ұжымы қатысты. Коучингты мектебіміздің озат тәжірибелі ұстазы, бірінші деңгейлі сертификатталған ұстаз, жоғары деңгейдегі "педагог - зерттеуші" біліктілік санатындағы бастауыш сынып мұғалімі, мектеп тренері Нусупова Айзада Айгабыловна өткізді. Аталған коучинг 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең - теориялық кезең; екінші кезең - практикалық кезең; үшінші кезең - кері байланыс және рефлексия (гугл формада). 15 мамыр күні коучингтың бірінші кезеңі болып, онда коучер Айзада Айгабыловна коучингтың қадамдарымен таныстырып, ұлы Абайдың 19-шы қара сөзінен қайрат, ақыл, жүректің табысты мұғалім болуға қандай әсері бар екендігін тілге тиек етіп, аталмыш тақырып бойынша қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі ұстаздары өз ойларын ортаға салды. "Еркін микрофон" әдісі арқылы "Табысты мұғалім деген кім?" деген сауалға мектеп мұғалімдері жауап беріп, өз ойларын білдірді. Аталған коучингтың практикалық кезеңі 16 мамыр күні жалғасын тапты. Теориялық кезеңде алған мағұлматтарды әр әдіс бірлестік мұғалімдері постер қорғап, практикамен ұштастыра білді. Сонымен қатар жағдаяттық сұрақ қойылып, "Сіздің ойыңыз бен шешіміңіз?" деген сауал арқылы мектептің озат тәжірибелі ұстаздары өз ойларын білдірді. Коучинг жоғары деңгейде өтіліп, әріптестер тарапынан гугл форма және WhatsApp Messenger-де кері байланыс және рефлексия берілді. Коучингты жоғары деңгейде ұйымдастырған Айзада Айгабыловнаға алғыс білдіреміз.