"Сыңғырла, соңғы қоңырау" » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Сыңғырла, соңғы қоңырау"
04
июнь
2020

"Сыңғырла, соңғы қоңырау"

3 маусым күні №72 жалпы білім беретін мектептің алаңында 11 сынып оқушыларына "Сыңғырла, соңғы қоңырау" атты мектеп бітіру салтанатты жиыны және аттестат тапсыру рәсімі болып өтті. Салтанатты жиын ҚР мемлекеттік әнұранымен басталып, мектеп директоры, ҚР білім беру ісінің үздігі Гүлзира Молдабайқызының құттықтауымен жалғасты. Биыл 11 сыныпты 24 оқушы,  соның ішінде 2 оқушы (Ботабек Назгүл Маратқызы, Тохан Әсел Еркебекқызы) "Алтын белгіге" бітіріп отыр. Мектеп директоры Гүлзира Молдабайқызы және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Құндыз Нұрланбекқызы жалпы орта білім туралы аттестатты оқушыларға салтанатты түрде табыстады. Мектебіміздің 4 "А" сынып оқушысы, Республикалық ән байқауларының жеңімпазы Бостан Нұрболат әуезді әннен шашу шашты. Түлектер қатарында Жусипбекова Қаракөз, Шермаханова Сания және Ауезханова Мерей алтын ұя мектебіне қимастық сезімін білдіріп, әсем әнін шырқаса, өзге оқушылар мектеп мұғалімдеріне жүрекжарды арнау өлеңдерін жолдады. "Алтын белгі" иегері Тохан Әсел алтын ұя мектебіне, ұстаздарына және бітіруші достарына тілегін жолдады. Ата-аналарда өз ризашылықтарын білдіріп, жиын барысында бірқатар пән мұғалімдері қалалық "Ұстаз" жергілікті кәсіптік одағының Әуезов аудандық филиалының Алғыс хаттарымен марапатталды. Салтанатты жиын соңында мектеп бітіруші түлектер мектеп вальсін билеп, алтын ұя мектептерімен қимай қоштасты. Салтанатты кешті жоғары деңгейде ұйымдастырған сынып жетекшісі Едилова Алтынай Тулеевнаға алғыс білдіреміз. Жас түлек 2020! Ақ жол!