Жүректен жүрекке » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
март
2022

Жүректен жүрекке

№72 жалпы білім беретін мектептің көпбалалы отбасыларынан шыққан оқушыларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына көмек көрсету мақсатында мектепте «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өткізілді. «Қайырымдылық-жылы жүректен» деген тақырыппен алынған акция арнайы бекітілген жоспар негізінде іске асырылды. Демеушілерді тарта отырып, мектеп жанынан құрылған қамқоршылық кеңес мүшелері мен ата-аналары, жеке кәсіпкерлер және мектеп ұстаздары аз қамтылған, көпбалалы   отбасындағы оқушыларға  қаржылай, киім-кешек және азық-түлікпен қамтамасыз етті.
«Жүректен жүрекке»  қайырымдылық акциясы бойынша жалпы 23 отбасы қамтамасыз етілді. Оның ішінде 15 отбасы азық-түлікпен, 2 оқушы қаржылай көмек пен және 6 оқушы киім кешекпен қамтамасыз етілді.
Акцияның басты ұйымдастырушылары мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Едилова Алтынай Тулеевна және мектебіміздің әлеуметтік педагогы Куатова Назгуль Касеновна.

@edu.almaty
@almaty_mektepteri