Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 29 тамыз күні мәжіліс залында ұжымның дана да, парасатты басшысы – Сариева Гулзира Молдабаевнаны құрметпен шығарып салу сәті
29
август
2025

29 тамыз күні мәжіліс залында ұжымның дана да, парасатты басшысы – Сариева Гулзира Молдабаевнаны құрметпен шығарып салу сәті

29 тамыз күні мәжіліс залында ұжымның дана да, парасатты басшысы – Сариева Гулзира Молдабаевнаны құрметпен шығарып салу және ұжымның жаңа басшысы Журынова Гаухар Абаевнаны қарсы алу салтанатты кеші болып өтті.

Құрметті Гулзира Молдабаевна!
Ұлағатты ұстаз, білікті басшы, нағыз көшбасшы ретінде Сіздің білім саласына қосқан үлесіңіз орасан зор. Жетекшілігіңізбен мектебіміз биік белестерді бағындырды, талай жетістіктерге жетті. Ұжымға, оқушылар мен ата-аналарға деген қамқорлығыңыз, әділдігіңіз бен сабырлылығыңыз – бәрімізге үлгі болды.
Сізге мықты денсаулық, шығармашылық шабыт, отбасыңызға амандық, алдағы өмір жолыңызға тек сәттілік тілейміз! @gulzira_moldabaykizi
✨✨✨✨✨✨✨
Құрметті Гаухар Абаевна!Сізді үлкен құрметпен қарсы ала отырып, жаңа қызметіңізде толағай табыстар мен жемісті еңбек тілейміз! Ұжыммен бірлесіп, білім мен тәрбие беру жолында биік белестерді бағындыра беріңіз. 🎓📚
Сіздің біліміңіз бен басшылық тәжірибеңіз мектеп ұжымын жаңа жетістіктерге жетелейді деп сенеміз!
Қош келдіңіз! @gauharzhuryn