24
август
2024
“DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ” қалалық Тамыз педагогтар саммиті
23 тамыз күні Оқушылардың инновациялық - шығармашылық орталығының базасында орта білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының сессия жұмысы болып өтті. Аталған шара “DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ” қалалық Тамыз педагогтар саммиті аясында өткізілді. Сессия жұмысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Едилова Алтынай Тулеевна “ДОСБОЛLike” республикалық акция- жауапты қоғам- жауапты адам” тақырыбында баяндама оқып, өз іс- тәжірибесімен бөлісті. Пленарлық отырыстың соңында Алматы қаласы Білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Құттықтаймыз!



