Мектеп оқушыларына арналған емтихан кезіндегі психологиялық кеңестер
Мектеп оқушыларына арналған емтихан кезіндегі психологиялық кеңестер
1. Дұрыс жоспар құрыңыз:
- Оқу кестесін жасаңыз. Әр пәнге уақыт бөліңіз.
- Қайталау мен демалысты ұмытпаңыз.
2. Уақытымен демалыңыз:
- Әр 40–50 минут оқудан кейін 5–10 минут үзіліс жасаңыз.
3. Дұрыс ұйқы режимін сақтаңыз:
- Кеш жатпай, күніне кем дегенде 7–8 сағат ұйықтаңыз.
4. Тамақтану режиміне мән беріңіз:
- Дұрыс әрі пайдалы тамақтаныңыз.
- Емтихан күні жеңіл, қоректік асты таңдаңыз.
5. Өзіңізге сеніңіз:
- Оң ойлауға тырысыңыз.
- Өз жетістіктеріңізді есіңізге түсіріп, өзіңізді қолдаңыз.
6. Релаксация әдістерін қолданыңыз:
- Терең тыныс алу, қысқа медитация жасаңыз.
7. Қиындықтарға сабырмен қараңыз:
- Білмеген сұраққа тоқтап қалмай, келесісіне өтіп, соңында қайта оралыңыз.
8. Емтихан алдында өзіңізді тыныштандырыңыз:
- Ертерек барып, емтихан басталғанша сабыр сақтаңыз.
9. Өзіңізге ұнайтын іспен айналысыңыз:
- Емтихан алдында жағымды нәрсемен көңіл бөліңіз (музыка тыңдау, серуендеу).
10. Қолдау іздеуден қорықпаңыз:
- Түсініспестік болса, мұғалімдерден немесе ата-анаңыздан кеңес сұраңыз.