мектепте қыздар арасында ерте жыныстық қарым-қатынастың алдын алу мақсатында жүргізілген жұмыс
№72 жалпы білім беретін мектепте қыздар арасында ерте жыныстық қарым-қатынастың алдын алу мақсатында жүргізілген жұмыс анықтамасы
Күні: 30.01.2025 жыл
Қатысты: 7-8 сынып оқушылары
Мақсаты: мектеп оқушылары арасында ерте жыныстық қарым-қатынастың алдын алу
2024-2025 оқу жылының 30 қаңтар күні мектебіміздің мәжіліс залында ДТІЖО Едилова А.Т., мектеп медбикесі Сембаева А., педагог-психолог Жолдасова Ж.М. ұйымдастыруымен, №4 қалалық емхана психологы және дәрігерлерімен 7-8 сынып қыздары арасында кездесу өтті. Кездесуде №4 қалалық емхана психологы Эргашева Ж.Т. қыздарға «Ерте жыныстық өмір және қыздардың психологиясы» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада қыздардың жыныстық өмірінің ерте басталуына әсер ететін факторлар, жасөспірім қыздардың психикалық дамуының жас ерекшеліктері және қауіптері, салдары және алдын алу жолдары атап өтілді. Баяндама соңында «Ерте жүктіліктің зардабы» тақырыбында видеролик көрсетілді. Видеоролик қыздарға өте әсерлі болды.


Сонымен, қатар №4 қалалық емхана дәрігері қыздардың жеке гигиенасына қатысты ақпараттармен бөлісіп, қыздарды топқа бөліп, «Құндылықтар» тақырыбында ойын өткізді. Қыздар ойын барысында сұрақтарға жауап беріп, өз белсенділіктерін көрсетті. Сөз соңында психолог №4 қалалық емхана базасында «Жас ұрпақ» орталығы жұмыс жасайтынын, кез келген оқушы қарасты шағын аудан бойынша, алдын ала жазылусыз түрлі маманнан ақысыз кеңестер алуына болатынын атап айтты.
Оқушы қыздар барлығы түсінікті болғанын, ойынның қызықты өткенін айтып кері байланыс берді.