24
январь
2025
Шетелдік тағылымдама”
Алматы қаласы Білім басқармасының жоспарына сәйкес “Шетелдік тағылымдама” аясында 2025 жылдың 24 қаңтар күні Эстония, Швеция, Финляндия мемлекеттерінен тағылымдамадан өткен педагог-психологтардың іс-тәжірибесін тарату мақсатында қалалық семинар-практикум өтті. Мектебіміздің педагог-психологы Жолдасова Жадыра Мұратқызы қалалық семинар-практикумға қатысып, Швециядағы буллингке қарсы жетекші “Friends” ұйымы туралы баяндама оқыды.