Ұлт тілін ұлықтаған Мұхтар ақын » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлт тілін ұлықтаған Мұхтар ақын
19
декабрь
2019

Ұлт тілін ұлықтаған Мұхтар ақын

19 желтоқсан күні мектебімізде "Ұлт тілін ұлықтаған Мұхтар ақын" атты Қазақстанның Халық ақыны, ұлттық зиялысы, қоғам қайраткері, ана тіліміздің жанашыры Мұхтар Шахановпен кездесу болып өтті. Кеште ақиық ақынның шығармаларын мектеп оқушылары жатқа айтты, абыз ақынға деген арнау өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалды. Кеш барысында ақиық ақын Желтоқсан көтерілісінің ащы шындығымен кұрес жолындағы  оқиғаларын айтты. Кеш соңында мектеп директоры Гүлзира Молдабайқызы  ақиық ақынға ыстық лебізін білдіріп, студенттік жылдары жатқа айтып жүрген ақынның өлеңінен үзінді оқыды.