Ынтымақтастық меморандумы » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
октябрь
2021

Ынтымақтастық меморандумы

5 қазан күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ  Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері және дінтану» пәндері бойынша тренері Гүлбала Кеніштайқызы мектебімізде болып, аталған орталық пен  "№72 жалпы білім беретін мектеп" КММ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастық шеңберінде білім беру саласында тәжірибе алмасу мақсатында әдістемелік, консультациялық көмекті жүзеге асыру, дәрістер оқу, семинарлар, тренингтер, шебер сабақтар ұйымдастыру және өткізу жұмыстары бірлескен түрде жүргізу жоспарланып отыр.