30
январь
2021
Мектепте сабақты зерттеу үдерісін енгізуді басқару: нәтижелер мен кедергілер
28 қаңтар күні Алматы қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы мен №72 жалпы білім беретін мектептің ұйымдастыруымен қашықтан zoom платформасында "Мектепте сабақты зерттеу үдерісін енгізуді басқару: нәтижелер мен кедергілер" тақырыбында конференция болып өтті. Конференцияда мектеп директоры Сариева Гүлзира Молдабайқызы, мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Иманова Гульжан Мухаметказиновна және мектеп тренері Шынгысова Айнур Куребаевна баяндама жасап, "нысаналы сынып" бойынша бірлескен топтың жұмыстарын қорытындылады. Аталған конференцияға Алматы қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы тренерлері, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарынан мектеп көшбасшылары мен мұғалімдері және де №72 жалпы білім беретін мектептің педагогикалық ұжымы қатысты.













