21
ноябрь
2021
Рухани - адамгершілік тәрбиесі
19 қараша күні мектеп кітапханасында "Рухани - адамгершілік тәрбиесі" атты кітаптармен таныстыру болып өтті. Аталған кітап таныстырылымына мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары қатысты. Рухани тәрбие бағытына қатысты Уәлихан Қалижановтың "Ұлт рухы", Сейіт Кенжеахметұлының "Қазақ халқының салт-дәстүрлері", Болат Көмеков, Орынбай Жанайдаров, К. Байпаков және тағы да басқа авторлардың кітаптармен танысу өтті. Кітап таныстырылымын ұйымдастырған мектеп кітапханашысы Нуркешова Фарида Махмутовнаға алғысымызды білдіреміз.