Өзің оқысаң, өзгеге табыс ет! » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
ноябрь
2020

Өзің оқысаң, өзгеге табыс ет!

"Назарбаев зияткерлік мектептері" ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының "Мектеп көшбасшылары" курсының тыңдаушысы, мектеп директоры Сариева Гүлзира Молдабайқызының бастамасымен және мектеп кітапханашысы Нуркешова Фарида Махмутовнаның ұйымдастыруымен мектебімізде буккросинг (bookcrossing) жобасы басталды.
Буккроссинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі) – «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Буккроссингтің ережесі бойынша, кез-келген адам өзі оқып бітірген бір кітабын қоғамдық көпшілік орындарда (саябақ, кафе, кітапхана және т.б.) қойып кете алады, кейін бұл кітапты тауып алған басқа адам оқиды, оқып болған соң, ол да сол кітапты орнына тастап кетеді, дәл осылай ол кітапты басқа оқырман оқи алады. 
📚📙📘
#72мектеп 
#буккросинг 
#кітапоқы