18
февраль
2022
Айтыс—сөз мәйегі
18 ақпан күні №72 жалпы білім беретін мектептің базасында ұлт ұстазы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай орта білім беру ұйымдары педагогтері арасында "Айтыс—сөз мәйегі" атты ауданық айтыс болып өтті. Айтысқа аудандық білім бөлімінің әдіскері Байшемирова Гулзира Бейсенгалиевна және қазылық еткен №104 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байгалиева Багдат Мукатаевна, Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Досказиева Ботагоз Кисамадиновна, №173 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кадирбергенова Клара Багашаровна қатысты. Әділ қазы алқаларының шешімі бойынша ең жоғары балл жинап, жеңімпаз деп танылған "Бас жүлде" иегері №119 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құдайбергенов Дархан Махмутханұлы мен І орын иегері №72 жалпы білім беретін мектептің үйірме жетекшісі Сатыпалды Әмір Бақытжанұлы қалалық кезеңге жолдама алды. Мұғалімдер арасында өткен аудандық айтысты ұйымдастырушылар мен қатысушы айтыскер ұстаздарға алғысымызды білдіреміз.
@edu.almaty
@almaty_mektepteri
@auezovpoo_







@edu.almaty
@almaty_mektepteri
@auezovpoo_






