Обьектілік жаттығу кезінде Азаматтық қорғаныс құрылымдарының - басшылық құрамның, құрылымдардың, мектеп оқушылары мен қызметшілердің іс-әрекеті » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Обьектілік жаттығу кезінде Азаматтық қорғаныс құрылымдарының - басшылық құрамның, құрылымдардың, мектеп оқушылары мен қызметшілердің іс-әрекеті
06
июнь
2022

Обьектілік жаттығу кезінде Азаматтық қорғаныс құрылымдарының - басшылық құрамның, құрылымдардың, мектеп оқушылары мен қызметшілердің іс-әрекеті

№72 жалпы білім беретін мектепте 06 маусым күні «Обьектілік жаттығу кезінде Азаматтық қорғаныс құрылымдарының - басшылық құрамның, құрылымдардың, мектеп оқушылары мен қызметшілердің іс-әрекеті» тақырыбында обьектілік жаттығу жүргізілді.
Мақсаты: басшылық құрамның, құрылымдардың, мектеп оқушылары мен қызметшілердің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардағы азаматтық қорғаныс іс-шараларын пысықтау. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда адамдарды қорғаудың амалдары және тәсілдерін жетілдіру. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарының алдын алу және жою бойынша іс-қимылдар жоспарларының және азаматтық қорғаныс жоспарларының шынайылылығын, міндеттерді шешуде күштер мен құралдардың әзірлігін тексеру.
Обьектілік деңгейдегі кешенді оқу-жаттығуды өткізу үшін ұйым басшысының – азаматтық қорғаныс бастығының бұйрығы, кешенді оқу-жаттығуды дайындаудың күнтізбелік жоспары, кешенді оқу-жаттығуды өткізу жоспары әзірленді. Күнтізбелік жоспар бойынша: жаттығу басшылығын және басқару органдарын дайындау (Басшылық жасайтын құжаттарды және оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу, обьектілік жаттығу өткізу, обьектілік жаттығу бойынша құжаттарды әзірлеу), құралымдарды дайындау (Жаттығу барысында құралымдардың командирлерімен, жеке құраммен пысықтауға жататын мәселелерді зерделеу), қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулықты және тағы басқаларды зерделеу (оқу-жаттығу барысында пысықтауға жататын мәселелерді зерделеу, нормативтерді тапсыру, қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулықты және тағы басқаларды зерделеу) жұмыстары жүргізілді.
Кешенді оқу-жаттығу аяқталған соң өткізілген іс-шаралардың сапасы мен төтенше жағдайларға дайындығы туралы Азаматтық қорғаныс бастығы Г. М. Сариева және азаматтық қорғаныс штабының бастығы Г. М. Иманова қорытынды жасады.

@almaty_tjd

@edu.almaty
@almaty_mektepteri
@auezovpoo_