Мұғалім жетістігі » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
июнь
2022

Мұғалім жетістігі

Мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Төлегенов Абылай Көпбергенұлы PhD докторонтураның білім беру бағдарламасына сәйкес Түркия Республикасының астанасы Анкара қаласындағы Анкара Хажы Байрам Вели университетінен мемлекеттік тағылымдамадан өтіп келді. Тағылымдама барысында шетелдік ғылыми кеңесшілерінің дәрістерін тыңдап, тәжірибе алмасып, біліктілігін арттырды. Сонымен қатар, аталған университеттің археология бөлімінің білім алушыларына «Қарахан кезеңіндегі ортағасырлық қалалардың керамикасы (ортағасырлық Қастек қаласы мысалында)» (Karahan dönemi ortaçağ kentlerinin seramikleri (Orta Çağ kasabası Kastek örneğinde) тақырыбында конференция ұйымдастырып, дәріс оқыды. Дәрісті тыңдаушылар тарапынан ортағасырлық қалалық мәдениет, қолөнер, керамика өндірісіне қатысты сұрақтар қойылды. Әріптесімізге шығармашылық табыстар тілей отырып, ғылым шыңында биік белестерді бағындырсын демекпіз.

@edu.almaty
@almaty_mektepteri

@auezovpoo_

 

Похожие публикации:

16 январь 2021 Алматы ұстазы
22 октябрь 2020 ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
14 октябрь 2020 ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ