Оқуға құштар мектеп » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
июнь
2022

Оқуға құштар мектеп

13-14 маусым күндері ҚР Оқу - ағарту министрлігі Республикалық ғылыми - педагогикалық кітапханасының ұйымдастыруымен Ақмола облысы Щучинск қаласындағы "Балдаурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығында "Оқуға құштар мектеп—заман талабы" тақырыбында республикалық семинар болып өтті. Семинар білім беру ұйымдарының кітапханаларын перспективті дамытудың және "Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асырудың 2021-2025 жылдарға арналған іс-шараларын жоспарын орындау мақсатында ұйымдастырылған. Аталған семинарға мектебіміздің кітапханашысы Нуркешова Фарида Махмутовна қатысып, тәжірибе алмасып келді. Семинар барысында республикамыздағы баспалардың және университет кітапханаларының қызметкерлері шеберлік сабақтар мен ойындар жүргізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

#оқуға_құштар_мектеп
#72мектеп

@edu.almaty
@almaty_mektepteri

@auezovpoo_