"Топтық жұмысты тиімді ұйымдастырудың жолдары" тақырыбында семинар-практикум болып өтті. » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Топтық жұмысты тиімді ұйымдастырудың жолдары" тақырыбында семинар-практикум болып өтті.
26
февраль
2022

"Топтық жұмысты тиімді ұйымдастырудың жолдары" тақырыбында семинар-практикум болып өтті.

25 ақпан күні бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында мектебіміздің мәжіліс залында "Топтық жұмысты тиімді ұйымдастырудың жолдары" тақырыбында семинар-практикум болып өтті. Семинарға мектеп мұғалімдері мен кәсіби қауымдастықтағы серіктес №158 жалпы білім беретін мектептің ұстаздары қатысты. Семинарды мектеп директоры Гүлзира Молдабайқызы ашып, жетекші мектеп ретіндегі тәжірибелермен бөлісіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Бастауыш сынып мұғалімі, педагог- зерттеуші Нусупова Айзада Айгабыловна "Топтық жұмыс арқылы оқушылардың белсенділіктерін арттыра аламыз ба?" тақырыбында коучинг жүргізді. Семинардың практикалық бөлімінде бастауыш сынып мұғалімдері Шынгысова Айнур Куребаевна, Балтабаева Фариза Арсланқызы, Мағурпбай Арайлым Ниязқызы, Буранбаева Айнур Жанабаевналар ашық сабақтар өтті. Семинар- практикумның жұмысын қорытындылау мақсатында "5-2-1" әдісі арқылы қатысушылар тарапынан сындарлы кері байланыстар берілді. Семинар-практикумды жоғары деңгейде ұйымдастырған мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдеріне және де қатысушы №72 жалпы білім беретін мектеп пен серіктес №158 жалпы білім беретін мектептің ұстаздарына алғысымызды білдіреміз.

@edu.almaty
@almaty_mektepteri

@auezovpoo_
@school_158_158