Жас түлек —2022: Жаңа Қазақстанның ертеңі » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жас түлек —2022: Жаңа Қазақстанның ертеңі
17
июнь
2022

Жас түлек —2022: Жаңа Қазақстанның ертеңі

17 маусым күні мектеп алаңында "Жас түлек —2022: Жаңа Қазақстанның ертеңі" атты 11 сынып оқушыларына орта мектепті бітіру туралы аттестатты салтанатты түрде табыстау рәсімі болып өтті. Салтанатты кеш ҚР Мемлекеттік Әнұранымен басталып, мектеп директоры Гүлзира Молдабайқызының құттықтауымен жалғасты. Сонымен қатар мектебіміздің 57 түлегіне аттестат берілді. Салтанатты кеште мектеп ұстаздары мен ата-аналары қатысты. Ата-аналар мектеп ұстаздарына алғысын білдіріп, жас түлектерге сәттілік тіледі. "Алтын белгі" иегерлері Айдынқызы Айгерім мен Төлеухан Сураяа және "Үздік аттестат"  иегерлері Анарбекова Аяна мен Ибраимова Амира құттықтау сөз сөйлеп, жүрек жарды тілектерін білдірді. Аттестат тапсыру рәсімі жоғары деңдейде өтті.