Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік таңы – мәңгілік» атты патриоттық кеш » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік таңы – мәңгілік» атты патриоттық кеш
19
декабрь
2023

Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік таңы – мәңгілік» атты патриоттық кеш

12 желтоқсан күні Қазақстан Жазушылар кітапханасында 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік таңы – мәңгілік» атты патриоттық кеш болып өтті.
Жастардың бойындағы патриоттық сезім мен Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, тарихи өткенді насихаттау мақсатында өткізілген іс-шараның ҚР Әнұранымен шымылдығы түрілді. Бұл кешке Желтоқсан оқиғасына қатысқан ағаларымыз бен Желтоқсан оқиғасын зерттеп еңбек жазып жүрген тарихшыларымыщ қатысты. Тарих ғылымының докторы, профессор, желтоқсан қаһарманы Қарабаев Шора Қалықұлы Желтоқсан оқиғасына тарихи шолу жасап, жастарды ұлтшылдық пен намысшылдыққа үгіттеді. Ал Қазақстан Жастар Одағы және Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Желтоқсан мәдени танымдық орталығының төрағасы, Желтоқсан қаһарманы Аманғазы Кәріпжан өзінің Тәуелсіздік туралы еңбектерінен үзінді оқып, мереке қарсаңында жаңадан шығарған азаттық туралы өлеңін оқырмандарға паш етті.
Аталған кеште 6 “Б” сынып оқушысы Марат Ұлназ, 8 “Б” сынып оқушысы Дәуренқызы Інжу, 9 “А” сынып оқушысы Мамырбекова Амина, 9 “Б” сынып оқушылары Бейсек Айша, Рашид Бақыт қатысып, жыр шумақтарын оқып, Алғыс хаттармен марапатталды. Жетекшісі: Муханова А.С.