“Ата-аналар”жиналысының №2 хаттамасы » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “Ата-аналар”жиналысының №2 хаттамасы
22
октябрь
2020

“Ата-аналар”жиналысының №2 хаттамасы

Алматы қаласы,Әуезов ауданы

№72 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ата-аналаржиналысының №2 хаттамасы


     Қатысқаны:105

     1.Мектеп әкімшілігі:-8

     2.Ата-аналар: -97

Күн тәртібінде

       1.2020-2021 оқу жылындағы мектеп қаражатаның жоспарлы жұмсалуы туралы.

     Жауапты: мектеп директоры Сариева Г.М

     Тыңдалды;

      Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры Г.М Сариева сөз алды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған “Қазақстанның үшінші жаңғыруы:жаһандық бәсекеге қабілеттілік” деп аталған жолдауында  Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту жолындағы стратегиялық маңызды мәселелерді айқындап, қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге, жаңғыртуға бағытталған бес негізгі басымдылықты белгілеп берді. Елбасының жолдауында белгіленген бес негізгі басымдылық еліміздің дамуының барлық салаларын қамтиды, соның ішінде заңның үстемдігін қамтамасыз етуге арналған.  Бұл құжатта маңыздылығы жөнінен айрықша көтерілген мәселе сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты. Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы- адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне,түптеп келгенде,билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.

               Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Елімізде 18 қараша 2015 жылы «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданғаны да баршаға мәлім.  Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп басшысы төмендегідей мәлімдеме жасады.

 









Шешім:

  1. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға құрылған бағдарлама негізінің 29  тармағындағы    мектеп қаражатын жоспарлы жұмсау туралы ақпарат қанағатанарлық деп танылсын.
  2. Аталған бағдарламаға сәйкес қаражаттың есебі әр тоқсан сайын берілсін және мектептің ата-аналар бұрышына және мектептің ақпараттық құралдарына жариялансын.
  3. Мектеп қаражаты есебінен жұмсалған қаражат орынды деп табылсын.







                  Мектеп директоры:                      Г.М.Сариева


                                      Хатшы:                    Еділова А.Т