Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
ноябрь
2021

Мен Елбасымен мақтанамын

26 қараша күні Қазақстан Жазушылар кітапханасында Әуезов ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен "1 желтоқсан — ҚР Тұңғыш Президенті күніне" орай, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен жазу мәдениетін қалыптастыра отырып, үздіктерді анықтау мақсатында ұйымдастырған "Мен Елбасымен мақтанамын" аудандық эссе жазу байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті. Эссе жазу байқауына аудан мектептерінің оқушылары қатысып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде эссе жазған болатын. Аталған байқауда мектебіміздің 9 "Б" сынып оқушысы Әділбеков Әділ ағылшын тілінен эссе жазып, жүлделі ІІ орынды иеленді. 8 "А" сынып оқушысы Закирова Дана және 9 "Б" сынып оқушысы Дуйсенова Айя орыс тілінен эссе жазып, белсенділігі үшін сыйлықтармен марапатталды. Дарынды оқушыларымыздың жеңістерімен шын жүректен құттықтай келе, байқауға дайындаған жетекшілері ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Закирова Сания Хабдулманатовна мен орыс тілі пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Абдуллаева Гулмира Жусипахметовнаға алғысымызды білдіреміз.