Үздік жас маман —2021 » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
апрель
2021

Үздік жас маман —2021

27 сәуір күні №72 жалпы білім беретін мектепте "Үздік жас маман —2021" байқауының ақтық кезеңі болып өтті. Қашықтан zoom платформасында өткізілген байқауға ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары оқу орындарын ойдағыдай аяқтаған және ортамызға жаңадан келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандар қатысты. Байқау 2 кезеңнен тұрды. "Бүгінгі жас маман—ертеңгі болашақ білікті ұстаз" атты бірінші кезеңде жас мамандар өз пәндерінен ашық сабақтар жүргізді. Екінші кезең бойынша "Менің педагогикалық ұстанымым" тақырыбында эссе жазу, "Менің педагогикалық қоржыным" электронды портфолио жасау, "Мен шығармашыл ұстазбын" тақырыбында өзін-өзі таныстыру бейнежазбасын жасады. Сондай-ақ zoom платформасында "Бұл жағдайда... " атты психологиялық-педагогикалық жағдаяттарды шешті. Аталған байқаудың қорытындысы бойынша "Бас жүлдені" мектеп дефектологы Тұрсұмұрат Әлия Нұрланқызы иеленді. І орын бастауыш сынып мұғалім Мағұрпбай Арайлым Ниязқызы; ІІ орын өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Қазбек Ардақ Сәкенқызы; ІІІ орын информатика пәнінің мұғалімі Қаржау Ақгүл Бейбітқызы; "Үздік сабақ" номинациясымен математика пәнінің мұғалімі Есіркеп Шерхан Ерболұлы; "Жаңашыл ұстаз" номинациясымен қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Хуан Жадыра; "Заманауи ұстаз" номинациясымен математика пәнінің мұғалімі Кадирбеков Батыр Берікұлы марапатталды. Жеңістерімен шын жүректен құттықтай келе сайыста әділ бағасын берген қазылар алқасы мен байқауды ұйымдастырған мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Иманова Гулжан Мухаметказиновнаға және жас мамандардың тәлімгер-ұстаздарына алғысымызды білдіреміз.