20
май
2022
Алматы —жасыл қала
Балалар жылы аясында "Алматы —жасыл қала" атты эко-конкурстың аудандық кезеңінде мектебімізден 6 "Б" сынып оқушысы Ержанқызы Нұрай және 8 "Б" сынып оқушысы Қанибек Аяулым қатысты. Ауданымыздың орта білім беру ұйымдары арасында өткен эко-байқауда Қанибек Аяулымның мектеп ауласының ландшафты дизайны тақырыбындағы жобасы үздік деп танылып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Байқауға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің биология пәнінің мұғалімі Куатова Назгул Касеновнаға алғысымызды білдіреміз.
@edu.almaty
@almaty_mektepteri
@auezovpoo_

@edu.almaty
@almaty_mektepteri
@auezovpoo_
