«XXI ғасырдың ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтың көзқарасы» тақырыбында кезекті қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «XXI ғасырдың ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтың көзқарасы» тақырыбында кезекті қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция
24
апрель
2023

«XXI ғасырдың ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтың көзқарасы» тақырыбында кезекті қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция

Биылғы оқу жылының наурыз-сәуір айларында Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «XXI ғасырдың ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтың көзқарасы» тақырыбында кезекті қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция – V Педагогикалық оқулар болды. №72 жалпы білім беретін мектеп ұстаздары да осы Педагогикалық оқуға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Негізгі орта және жалпы орта білім: «Педагогикалық иновациялар оқу-тәрбие процесінің құрамдас бөлігі ретінде: тәжірибе, жетістіктер, перспективалар» бағыты «Шет тілдері» секциясы бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімі Казатаева Шолпан Ырымтаевна жүлделі I дәрежелі дипломмен, Білім берудегі менеджмент: «Педагогикалық менеджмент педагог қызметкерлердің басқару мәдениетін дамыту факторы ретінде» бағыты бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Иманова Гульжан Мухаметказиновна жүлделі II дәрежелі дипломмен, Инклюзивті білім беру: «Ерекше білім беру қажеттіліг бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері мен перспективалары» бағыты бойынша бастауыш сынып мұғалімі Шынгысова Айнур Куребаевна арнайы сертификатпен марапатталды. Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!