“ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМП” байқауы » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
ноябрь
2023

“ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМП” байқауы

17 қараша күні Әуезов аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен және Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының 2023 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес “ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМП” байқауының аудандық кезеңі 1-тур эссе байқауы - №122 жалпы білім беретін мектепте және 2-тур “Шеберлік шыңы” байқауы №119 мектеп-лицейінде болып өтті. Конкурс нәтижесінде аудандық білім бөлімінің әдіскері Ногайсарина Гульнар Жунусбековна қатысушы ұстаздарды құттықтап, марапаттады.

Аталған байқауға мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Шынгысова Айнур Куребаевна қатысып, Гуманитарлық бағыт бойынша жүлделі ІІІ 🥉орынды иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз.